Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі

Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі

Қазақстанда жүргізушілердің жазасы күшейтіледі

Бас прокуратура көлікті мас күйінде жүргізгені үшін жазаның қалай күшейтілетінін түсіндірді.

Бас прокурордың орынбасары Марат Ахметжановтың айтуынша, бүгінде көлік жүргізушісі мас болсын, сау болсын, адамды қағып өлтіргені үшін жаза бірдей, ары кетсе, бес-ақ жыл.

"Енді, мас күйінде осындай қылмыс жасаған адам 10 жылға бас бостандығынан, сондай-ақ, өмір бойы көлік басқару құқығынан айырылады. Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінде мас күйінде көлік айдағаны үшін 30 тәулікке дейін әкімшілік қамау мерзімі ұзартылып, көлік жүргізу құқығынан айыру мерзімі 8 жылға ұлғаймақ", - деді Ахметжанов мәжілістің пленарлы отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, осы санаттағы қылмыстар бойынша тараптардың қайта татуласуына тыйым салынады.

Айта кетейік, өзгерістердің бәрі "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасында көрсетілген.

Бүгін мәжіліс депутаттары осы құжатты бірінші оқылымда қарады.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті ішімдік ішіп алып жүргізетіндерге қатысты жазаны қатаңдатуды тапсырған болатын.

0
Рейтинг: +0

Фото: vk.com
Қосылған күні: 20 қараша, 15:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.