Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Атырауда Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды

Атырауда Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды

Атырауда Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды

Атырау облысы Исатай ауданының орталығы Аққыстау ауылында халық батыры, XVIII ғасырдағы соңғы хан билігіне қарсы ұлт-азаттық көтерілістің қолбасшысы болған Исатай Тайманұлына ескерткіш орнатылды.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Исатай Тайманұлына арналып салынған ескерткіштің авторы ҚР суретшілер одағының мүшесі, мүсінші  Серік Матениязов. Биіктігі 12 метр болатын ескерткіш таза қоладан құйылған.

Салтанатты шараға арнайы қатысқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов Исатай батыр ескерткішін республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсіннің бірі  екендігін атап өтті.

“Мұндай шоқтығы биік алып ескерткіштің нақты Исатай ауданында ашылуы заңды құбылыс. Бұл істің басы-қасында болып, ойға алған жоспардың ойдағыдай орындалып, уақытылы орнатылғаны үшін жергілікті жауапты тұлғаларға алғыс бідіремін. Бүгінгі біздердің міндетіміз – ұлы тұлғаларымызды ұлықтау. Осы арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеуіміз керек. Найза ұстаған айбарлы Исатай батыр ескерткіші республикадағы ең еңселі әрі тұғырлы мүсін. Барша исатайлықтарды айтулы мерекемен құттықтаймын”, - дейді Серік Шапкенов.

Бір минут үнсіздіктен соң ескерткішті облыстық ардагерлер қоғамының төрағасы Қатимолла Ризуанов, облыстық ауған соғысы ардагерлері қоғамы төрағасының орынбасары  Бейімбет Нариманұлы және ауған соғысы жауынгерінің жесірі Қалима Абуова ашты.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 15 қараша, 16:56

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.