Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арнап ескерткіш ашылды

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арнап ескерткіш ашылды

Атырауда қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арнап ескерткіш ашылды

Атырау халықаралық әуежайы алаңында қазақтың тұңғыш ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш ашылды.

1922 жылдың 15 мамырында Атырау облысында дүниеге келген Хиуаз – Екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен танылған, ал соғыстан кейін қайраткерлігімен дараланған қазақтың қаһарман қызы. Оның ерлігіне бас иген жерлестері әуежай алдында батырға арналған ескерткіш орнату туралы бастама көтерген болатын.

Қазақтың тұңғыш ұшқыш қызына арналған ескерткіштің салтанатты ашылуына Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев пен еліміздің әр өңірінен келген зиялы қауым өкілдері қатысты. Сондай-ақ, ескерткіштің орнатылуына бастамашы болғандардың бірегейі – “Айқын” газетінің Атырау облысы бойынша меншікті тілшісі Тұрсын Қалимова мен батырдың бауыры, жерлестері келді.

“Ел басына күн туған сәтте ер азаматтармен бірге сапқа тұрды. Мәншүк, Әлия, Хиуаз. Ешкім оларды міндеттемеді. Жүрек қалауымен елдің болашағы үшін өз өмірін құрбан етті. Қазіргі таңда Елбасының тапсырмасымен елдің даму стратегиясында көрсетілген межелердің бірегейі – әйел қауымына үлкен құрмет көрсету. Сондықтан да бүгінгі салтанатты шара барша аналарымызға, қазақ қыздарына соның ішінде бірегейі - Хиуаз Доспановаға құрмет болып табылады”, - деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Атырау Халықаралық әуежайына орналасқан ескерткіштің биіктігі – 2 метр 30 сантиметр. Қоладан құйылған ескерткіште Хиуаз Доспанованың соғысқа аттанған бойжеткен қалпы сақталған.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 17 қыркүйек, 12:18

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.