Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Білім грантын иеленбегендерге қандай мүмкіндіктер бар?

Білім грантын иеленбегендерге қандай мүмкіндіктер бар?

Білім грантын иеленбегендерге қандай мүмкіндіктер бар?

Жыл сайын білім беру гранттарының саны артып келеді. Биыл республикалық конкурсқа 64 452 адам қатысып, 53 785 білім гранты үлестірілді. ҰБТ-дан төмен балл жинап немесе бәсеке жоғары мамандықтарды таңдап гранттан тыс қалғандар аз емес. Олардың әлі де болсын ақысыз білім алуға мүмкіндігі бар.

Үкіметтің қосымша 5000 білім гранты

Биыл көпбалалы және атаулы көмек алатын отбасыдан шыққан балаларға нысаналы 5000 білім гранты бөлінді. Республикалық конкурста грантқа ілікпеген осы санаттағы талапкерлер 5-15 тамыз аралығында өтетін конкурсқа қатыса алады. Жоғарғы білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына мына құжаттарды тапсыру қажет:

1. белгіленген үлгідегі өтініш;

2. білімі туралы құжат (құжаттарды қабылдау комиссиясына тапсырған кезде төлнұсқа);

3. ҰБТ сертификаты (2019 жылғы маусымдағы);

4. 086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

5. жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

6. Көпбалалы отбасыларының балалары және атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасыларының балалары мәртебесін растайтын құжат.

Облыс және республикалық маңызы бар қала әкімінің гранты

Жыл сайын аймақтарда немесе қалаларда тапшы мамандықтарға қосымша грант бөлінеді. Мұны көпшілік «әкім гранты» атайды. Грантты арнайы комиссия тағайындайды. Комиссия құрамына әкімнің өзі, әлеуметтік қорғау, қаржы мекемелері, қоғамдық ұйымдар мен БАҚ өкілдері кіреді. Ең алдымен үміткердің ҰБТ-да жинаған ұпайына назар аударылады. Көпбалалы отбасы балаларына, жетім балаларға, мүгедектерге, әлеуметтік аз қамтылғандарға жеңілдік беріледі. Құжат 10 тамызға дейін қабылданып, комиссия қорытындысы 25 тамыздан кейін шығады.

Былтыр мемлекеттік білім гранттарына қосымша жергілікті атқарушы органдарының есебінен 2700 жуық грант бөлінген.

Ректор гранты

Оқу жылының басында арнайы комиссия шешімімен кейбір университеттерде ішкі гранттар тағайындалады. Мұны көпшілік «Ректор гранты» деп атайды. Үміткердің отбасы жағдайы, үлгерім көрсеткіші және университеттің қаржылық мүмкіндігі қаралады. Оқу ақысы тегін болғанымен, стипендия төленбейді. Кейбір университеттер бірінші не соңғы оқу жылының ақысын төлеуі мүмкін. Ал енді бірі студенттердің әртүрлі санатына байланысты 10-50% жеңілдіктер ұсынады.

Ішкі білім беру гранттары мен жеңілдіктер, әлеуметтік көмек туралы ақпаратты университеттердің сайтынан білуге болады.

Бос білім беру гранты

Ақылы оқуға түскен студент грантқа ауыса алады. «Білім беру грантын беру ережесін» бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 Қаулысы бойынша студент әр семестрден кейін жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беруге құжаттарды тапсыруға құқылы.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган бос білім беру гранттарының тізбесін жасап, ашық конкурс жариялайды. Ақылы негізде оқитын студент деканатқа өтініш және барлық оқу кезеңі ішіндегі үлгерімінің орташа балы көрсетілген жоғары оқу орнының басшысы растаған оның оқу карточкасының немесе транскриптінің үзіндісін ұсынады. Құжаттар 25 қаңтарға дейін және 25 шілдеге дейін қабылданады.

Бос білім беру грантын иелену үшін барлық оқу жылында бағаңыз жақсы болуы тиіс. Университеттегі қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттерге де басымдық беріледі.

0
Рейтинг: +0

Фото: ult.kz
Қосылған күні: 04 тамыз, 09:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.