Арыс: Оқиға орнынан фоторепортаж

Арыс: Оқиға орнынан фоторепортаж
Фото: Yernar Almabek/Massaget.kz

Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасындағы жарылыстардан бері 3 тәулік өтті. Тұрғындар жақын маңдағы елді мекендер мен Шымкент шаһарында құрылған арнайы көмек көрсету орындарына орналастырылды. Қалаға әлі де кіруге рұқсат жоқ. Оған апарар жол бойында әскерилер мен полиция қызметкерлері күзетте тұр. Бірақ, кей азаматтар құжаттары мен қажетті заттарын алып кету үшін жасырын жолдар арқылы үйлеріне өтуге тырысып жатыр. Қала ішінде саперлар жұмыс істеуде. Олар снарядтардың қалдығын іздеп, табылғандарының жанына белгі қойып жүр. Сондай-ақ, әр жүз-екі жүз метр сайын көшелерді күзеткен сарбаздарды да байқауға болады. Арнайы оқиға орнынан дайындалған суреттер топтамасына назар салыңыздар.

 

Y. Almabek