Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / "Egemen Qazaqstan" конкурс жариялайды

"Egemen Qazaqstan" конкурс жариялайды

Ел газеті "Egemen Qazaqstan" өзінің жылдағы дәстүрі бойынша жас журналистерге арналған конкурсын жариялайды. Бас басылымның бәйгесінің биылғы сыйлығы "Егемен Қазақстан" – 100 жылдық жылнама" деген тақырыпқа арналып отыр.

"Егемен Қазақстан" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурсқа қатысу

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

1.1. Байқауды ұйымдастырушы – "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ. Орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, 010000, "Егемен Қазақстан" газеті көшесі 5/13.

1.2. Конкурстың мақсаты – жас журналистерді кәсіби тұрғыдан ынталандыру, олардың кәсіби біліктіліктерін көтеру.

1.3. "Егемен Қазақстан" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы үшін конкурс жылына 1 рет, журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында – 15-18 мамыр аралығында жарияланады.

1.4. Конкурқа 18 бен 35 жас аралығындағы журналистер қатыса алады.

1.5. Үміткерлердің материалдары конкурс жарияланған күннен бастап, 1 ай мерзім ішінде (құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі 17 маусым) қабылданады.

1.6. Конкурстың тақырыбы жыл сайын өзгеріп тұрады және оны "Егемен Қазақстан" РГ" АҚ редакция алқасы бекітеді.

1.7. Конкурсқа келіп түскен материалдарды "Егемен Қазақстан" газетінің редакция алқасынан құралған комиссия (бұдан әрі – конкурстық комиссия) бағалайды.

2. Конкурсқа қатысу шарты

2.1. Конкурсқа "Егемен Қазақстан" газетінде және egemen.kz сайтында жарияланған хабарландыруда ұсынылған тақырыпқа сәйкес келетін тақырып аясында жазылған және "Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа" деген айдар қойылған материалдар қабылданады.

"Егемен Қазақстан" газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы 2019 жылы "Егемен Қазақстан" – 100 жылдық жылнама" деген тақырып аясында қазақ баспасөзінің тарихына, қазіргі баспасөздегі трендтер мен технологиялық жаңалықтар сияқты бағыттарды қозғауы тиіс.

2.2. Конкурсқа арналған материалдар Times New Roman 14 шрифтімен 1,5 интервалында жазылып, көлемі 3,5 беттен аспауы тиіс. Сапалы суреттерімен жіберілсе, құба-құп.

2.3. Конкурсқа жіберілген материал мен суреттер бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған болуы тиіс. Бұл орайдағы жауапкершілік авторға жүктеледі.

2.4. Конкурсқа арналған материалдар info@egemen.kz электронды байланыс желісіне "Егеменнің жүлдесі үшін конкурсқа" деген айдармен жіберілуі қажет.

3. Конкурс қорытындысы

3.1. Конкурстық комиссия конкурс қорытындысын материал қабылдау аяқталған күннен бастап, 1 (бір) апта ішінде шығаруға міндетті.

3.2. Конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес, 1, 2, 3 орындар жүлделі орын ретінде белгіленеді. Олардың әрқайсысына: 1 орынға – 500 000 теңге, 2 орынға – 300 000 теңге, 3 орынға – 200 000 теңге ақшалай сыйлық және арнайы кәдесыйлар тапсырылады;

Қосымша ынталандыру сыйлығы Конкурстық комиссияның ұсынысымен тағайындалуы мүмкін.

3.3. Конкурс жеңімпаздары журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында марапатталады. Марапаттау рәсімі өтетін орын қосымша жарияланады.

0
Рейтинг: +0

Фото: egemen.kz
Қосылған күні: 12 маусым, 09:17

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.