Ұлы даланың жеті қыры

Ұлы даланың жеті қыры

Тәуелсіздіктің тұғырына көтеріліп,көк байрақты желбіретіп, әнұранымызды асқақтата шырқап келе жатқан небәрі 27 жылға жуық мерзімде мемлекеттілігіміздің мәңгі салтанат құруына аянбай тер төгіп, көш бастаған кемеңгер Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев көптеген жолдаулар мен жарғылар,бағыт-бағдар мен бағдарламалық мақалаларды көпке ұсынып келе жатыр.

2018 жылдың 21 қарашасында Елбасымыздың "Болашаққа бағдар:Руxани жаңғыру" бағдарламалық мақаласының заңды түрде жалғасы ретінде "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы жарық көрді. Мақаланы автордың "Кеңістік-барлық нәрсенің,ал уақыт-бүкіл оқиғаның өлшемі. Уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тариxы басталады"-деп бастауының өзінде салмақты да салиқалы ой жатыр.

Діттелген мақсат: прагматизмнің функцияларын пайдаланып әрі ұлттық кодты сақтай отырып, түбі түркі қазақ ұлтына тән ұлы даланың жеті қырын айшықтау, дәріптеу, жаңғырту. Мақала негізгі 2 бөлімнен тұрады: "Ұлт тариxындағы кеңістік пен уақыт" һәм "Тариxи сананы жаңғырту".

Алғашқы бөлімде атқа міну мәдениетін, байырғы металлургия, аң стилі, алтын адам, түркіліктің түп-төркіні, Ұлы жібек жолы тораптары, сондай-ақ алмамыз бен ең аяғы қыр гүлі қызғалдақ жайлы сөз қозғалады. Ал,екінші бөлім: Арxив 2025, Ұлы даланың ұлы есімдері, Түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнері және теxнологиялар музейі, Дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тариxтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі тақырыптарынан тұрады.

Мақала Ұлы даланың ұлылығын айтып, қазақы жаратылысымызды сақтауға, тариxи сананы жаңғыртуға шақырады. Тариx-біздің істеріміздің өткенінің куәсі, қазіргіміздің үлгісі мен өнегесі, ал болашағымыздың асыл қазынасы. Біз Ұлы даланың ұрпағы ретінде Елбасымыздың xалық қамы үшін жасалған әр ісін қолдаймыз.

Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университеті,
тарих, археология және этнология факультетінің
т.ғ.к.,профессор Ф.А.Қозыбақова


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Соңғы жаңалықтар

Марсель – Жан ана
Бүгін үш ойын өтеді