Жастар жылындағы жарқын бастама: "Студенттік көктем-2019"

Жастар жылында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Ұлы даланың жеті қыры" бағдарламалық мақаласы аясында, Қазақстан Республикасының мәдениетін өркендету, ұлттық және әлемдік мәдениет пен өнердің ең жақсы дәстүрлері мен жетістіктерін насихаттау, студенттердің шығармашылығын шыңдау мақсатында, Қазақстан инженерлік-технологиялық университет колледжінің ұйымдастыруымен 4 сәуір күні Алматы қаласының колледждері арасында тұңғыш рет "Студенттік көктем-2019" байқауы өтті.

ҚазИТУда өткен "Студенттік көктем" байқауының бірінші кезеңіне 80-нен астам студент қатысып, екінші кезеңге 48 қатысушы, олардың ішінен жүзден жүйрік шыққан 21 өнерлі студент ақтық бәйгеге іріктеліп алынды.

Ұлттық кітапханада өткен "Студенттік көктем-2019" байқауының Гала-концертіне бір ай бойы іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өткен 15 колледждің жеңімпаздары қатысты.

Аталмыш байқауға актер Еламан Есентаев, ақын Нұртас Тұрғанбекұлы, актер, әнші Ернұр Келесов қазылық етті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Жүлдегерлер мынадай номинациялар бойынша марапатталды:

Аспапта орындаушылық өнері

1-орын: Кетебаева Диана, Балтабекова Азиза, Амирxанқызы Арайлым – Алматы қаласының инновациялық техникалық колледжі:
2-орын: Ниязбеков Бекзат – Алматы мемлекеттік бизнес колледжі;
3-орын: Кәрімов Мүсілім, Қуанышбек Айдос, Шахмагамбетов Бекзат, Ялиев Ерасыл, Оразтай Қасымжомарт – Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі;
Биекенов Ануар, Тәжиева Салтанат, Жақсылық Дәурен, Жусупова Аружан – Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық колледжі.

Ән салу өнері

1-орын: Нұрмұханбетов Мейіржан – Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі;
2-орын: Бағланбаева Мөлдір – ҚазИТУ колледжі;
3-орын: Өмірзақ Айдана – Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі;
Қабдығалиев Ерасыл – Алматы электрмеханикалық колледжі.

Хареографиялық өнер

1-орын: Нугуманова Карина, Белоусов Роман – Алматы мемлекеттік бизнес колледжі;
2-орын: «Ақ-наз» би тобы – Алматы темір жол көлігі колледжі;
3-орын: Құрманжан Гаухар – Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі;
Серік Аружан – Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі.

Мәдени-тынығу жұмысы

1-орын: Мокросова Кристина – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ лингвистикалық колледжі;
2-орын: Нұрлан Нұртөре – Алматы мемлекеттік бизнес колледжі;
3-орын: Байқожа Дильназ – Алматы қаржы-құқықтық және технологиялық колледжі;
Мухамаи Айдана – Шет тілдері колледжі.

Жүргізушілік өнер

1-орын: Алибек Марлен – Еуразиялық технологиялық колледжі;
2-орын: Мараева Бахаргуль – Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық колледжі;
3-орын: Абдухаим Айхан, Сағынбай Әмір – Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ лингвистикалық колледжі.

Ерекше өнер

Шевченко Михаил, Бутенко Илья – Алматы мемлекеттік туризм және қонақжайлылық колледжі.


ҚазИТУ колледжінің директоры М.Шалабаева марапаттау салтанатында: "Бүгінгі маңызды байқауға білімді, өнерлі студенттер қатысып отыр. Сіздер сонымен қатар осы байқау арқылы жаңа достар тауып бір-бірлеріңізбен танысасыздар. Әрқашанда барлықтарыңыздың ауызбіршіліктеріңіз берік болсын. Біз әрқашанда жастарға сенеміз, қолдаймыз. Себебі, тәуелсіз мемлекетіміздің болашағы сіздердің қолдарыңызда. Барлықтарыңызға сәттілік тілеймін", – деп шын жүректен шыққан жылы сөзімен бөлісті.