Бизнес-омбудсмен институты

Бизнес-омбудсмен институты
Фото: pixabay.com

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылы 20 мамырда бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұсынды. 54-қадамда кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтын нығайту керектігін, сонымен қатар жаңа институттың құрамына бизнестің және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіретіндігін айтқан болатын.

2014 жылы 29 желтоқсанда бизнес-омбудсмен институты құрылды. Бизнес-омбудсмен қазақстандық бизнестің кей мәселелерімен және жетілмеген заңнама тұстарымен күреседі. Қазір мұндай институт 50-ден аса елде бар. Бизнес-омбудсмен қызметке Президент бұйрығымен тағайындалды және ол тек Елбасыға есеп береді.

Бизнес-омбудсмен кәсіпкерлердің құқықтарын таныстыруға, қорғауға және өтініштерін қарауға міндетті. Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілдің ресми сайты бар. Уәкілдің атына жазылған кез келген өтініш жауапсыз қалмайды. Оны бизнес-омбудсмен аппаратының жұмысшылары қарайды.

Бизнес-омбудсмен өкілеттілігінің ауқымы кең:

- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауға байланысты мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізе алады;
- Мемлекеттік органдарға немесе лауазымды тұлғаларға олардың әрекетінен құқықтарына нұқсан келтірілген кәсіпкерлік субъектілерінің оны орнына келтіру туралы ұсыныстар жібере алады және кінәлі тұлғаларды жауапқа тартады;
- Бизнес-қауымдастықтың атынан сотқа арыз береді;
- Мемлекеттік органдардың ойымен келіспеген жағдайда прокуратура органдарына кәсіпкердің нұқсан келген құқықтарын қалпына келтіру үшін өтінішхат жібереді және басқа да шаралар қолданады;
- заңмен қорғалатын құпия болып саналатын мәліметтерді санамағанда, мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарына қатысты ақпаратты және құжаттарды сұрата алады.

Қазіргі кезде кәсіпкерлер шетелде өз құқықтарын қорғау үшін бизнес-омбудсмен институтына жүгінеді екен.

«Өткен жылдың мамыр айында бізге спорттық тауарлар сатумен айналысатын компания «Бурыкина Ю.С.» ЖК жүгінді. Ол Ресейден тауар сатып алған, алайда ол жолда қолды болыпты. Бұл жағдайда төтенше шаралар қабылдау қажет болды, сондықтан біз Ресей Федерациясының бизнес-омбудсмені Борис Титовқа жүгініп, осы мәселені шешуге көмектесуін сұрадық. Сондай-ақ, біз Марий Эль Республикасының және Псков облысының бизнес-омбудсмендерімен жедел байланысқа шықтық. Қараша айында мәселе шешілді. Ұрлыққа кінәлі тұлғалар анықталды, сот жүргізілді және қаулы шығарылды. Кәсіпкерге келтірілген зиянның бір бөлігі өтелді, қазіргі уақытта қалған сомаға қатысты мәселе шешілуде. Біз бұл мәселені бақылаудамыз. Биылғы жылы біз екі өтініш бойынша мәселелерді шешу үшін Ресей бизнес-омбудсмендерін тарттық. Олардың бірі шешімін тапты, екіншісі бақылауда», - дейді Солтүстік Қазақстан облысындағы Кәсіпкерлер палатасы директорының Құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Жеңіс Қазиев. Бұл бизнес-омбудсмен институтының көмегіне жүгінген жағдайдың бір ғана мысалы болып табылады. Кәсіпкерлердің құқықтары қорғалып жатырған істер көп.

Мемлекет басшысының өкімімен 2016 жылы 19 ақпанда Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл қызметіне Палымбетов Болат Әбілқасымұлы тағайындалды. Кәсіпкерлік іске немесе құқыңызға қатысты кез келген сұрағыңызды оның жеке блогына сұрақ қою арқылы жауап ала аласыз.

А. Жапатова