Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Мәңгілік ел / Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу істерін жүргізу

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу істерін жүргізу

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу істерін жүргізу

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2015 жылы мемлекетті дамыту жолында нақты 100 қадам бағдарламасын қабылдады. Сол қадамдардың бірнешеуі бүгінгі таңда орындалып, жемісін де беріп жатыр. Солардың бірі бірінші Кәсіби мемлекеттік аппарат құру бөлімінің соңғы тармағы, яғни 15-қадам «Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу». 

2017 жылы мемлекеттік қызметкерлер кешенді аттестаттаудан өтті. Бұл шаралар жай ғана ұлттық қадамдарды орындау мақсатында емес, алдына нақты мақсаттар қоя отырып, белгілі нәтижеге қол жеткізу жолында жүргізіледі. 

Мұнда қызметшілердің кәсіби деңгейі анқыталады;
Мемлекетті өрекендету жолында қандай істерге қабілетті екенін анықтап, мүмкіндіктерін саралап-сараптап, іскерлік қасиеттерін ары қарай дамыту, осы істер арқылы қызметкерлердің өсу жолын жасау; 

Бұл аттестаттау кешенді сипатта және бір реттік жүйеде жүргізіледі. Бұл аттестаттаудың басқаларынан айырмашылығы мұнда заңнаманы білу аса қажетті боп есептелмейді, яғни осындай тестілеуді алып тастау арқылы қызметкерлер онсызда заңдарды бес саусағындай білетініне күмән келтірілмей, тек өзінің іскерлік шеберлігін шыңдау және нақтылау көзделіп отыр. Оның орнына олардың құзіреттілік деңгейін анықитауға көбірек көңіл бөлінеді. Оның ішінде: халыққа қызмет ету, айқындылық, есептілік, тиімділік құзіреттілігі. Тиімділік құзіреттілігін анықтау мақсатында оның істі жоспарлай алуы және жүйелей білуі, болып жатқан жағдайды, өзгерістерді дұрыс бағалап, соған сай шешім шығара алу қабілеті тексерілді. Халыққа қызмет ету құзіреттілігі алдына келген адамның көңілі толу-толмауы, қызмет алушыға қажетті ақпаратын түсінікті әрі қол жетімді жеткізе білу. 

Аттестаттау үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші барлық қызметкерлерге тікелей басшысы жасағандай көтермелеу, жазалау, ескерту секілді қызметке тұрғалы тәртібі бойынша бағалау парағы жасалады. Олар мұны тексеріп, келісетін болса қолын қояды, келсіпейтін жағдай болса, яғни өзі туралы жалған ақпараттар көрсетілген жағдайда персоналдар қызметіне барып шағым жасай алады. Осылай өзгерту енгізеді немесе бағалау парағының арнайы бөлімінде келіспейтін тұстарына байланысты өз көзқарастарын жазуға құқылы. 

Екінші кезеңде қызметкерлердің жеке қасиеттерін, құзіреттерін анықтау мақсатында автоматты тестілеу жүргізіледі. Одан соң дұрыс не бұрыс деп емес, қызметкер өзі жөн деп тапқан нұсқаны таңдайтын сауалдар қойылады. Соңында тестілеудің нәтижесін щығарарда қызметшінің жеке және кәсіби сипатамалары көрсетіледі. Осылайша оны қандай қасиеттерін, қай бағытта дамыту қажеттігі анықталады. Тестілеу кезеңі агенттікте және оның аумақтық бөлімшелерінде ұйымдастырылады. Ал өтетін уақыты мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің ұсынысы бойынша ыңғайлы уақытқа сай жасалған кесте арқылы анықталады. 

Үшінші кезеңде тиісті оқыту курстарынан өткен арнайы мамандар мемлекеттік қызметкерлермен сұхбат жүргізеді. Ал сұхбаттасу орнына келуге мүмкіндігі болмаған қызметкерлер үшін, шалғай тұратын мекендердегі тұлғаларға бейне байланыс арқылы сұхбат жүргізу жағдайы қарастырылған. Сұхбаттасу барысы аудио және видео жазбаларға жазылады. 

Мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу олардың лауазымы бойынша үш деңгейде өткізіледі, яғни құзіреттілігі жоғары, орташа және төмен деңгейлі қызметкерлер әртүрлі деңгейде сыннан өтеді. 
Бұл аттестаттауға мемлекеттік қызметкерлерден бөлек қоғам және бұқаралық ақпарат қызметкерлері де кіреді. Аттестаттаудан өткеннен кейін қызметшілер іскі қызметтерде ауыса алады. Уақытша лауазымға ие боп отырған қызметкерлер комиссияның шешімінсіз-ақ конкурсқа қатыса алады. 

Ел президенті барлық мемлекет қызметкерлерін асттестаттауға міндеттемейді, белгілі себептеріне байланысты сыннан босатылған тұлғалар да бар. 14 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке немесе ана, 3 жасқа дейінгі баласы бар азаматшалар, жүкті және босануға байланысты демалыс алған әйелдер, зейнет жасына екі жыл уақыт қалған адамдар және де мемлекеттік қызметке орналасқанына әлі алты ай болмаған тұлғалар тестілеуден босатылады. Ол үшін осы жағдайларын растайтын арнайы ресми мекемелер ұсынған құжаттары болуы тиіс. 
Міне, осындай бүгі-шүгесіне дейін ойластырылып жасалған жүйе арқылы мемлекеттік қызметкерлер аттестаттаудан өтіп, өз біліктіліктерін елі мен жері алдында тағы бір дәлелдеп, лауазымы не құзіретілігін өсіру жолында елмен бірге бір қадам алға жылжыды. 

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Әсел Асанова
Фото: Хабар 24
Қосылған күні: 19 шілде 2018, 14:11

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.