100 қадам: Шетелдік инвестиция ағыны

100 қадам: Шетелдік инвестиция ағыны

Планетаның көшін бастап келе жатқан елдер қатарына қосылу жолында Елбасымыз теңдессіз ұлттық жоспар құрды.

Оны жүзеге асыруға арналған шаралар тізбегін де айқындап берді. Яғни, Бес институттық реформаны жүзеге асыру бойынша “100 нақты қадам – Ұлт жоспарын” ұсынды. Әрине, бұл өз нәтижесін міндетті түрде береді. Десе де, жаһандану заманында кез-келген мақсатты қарқынды түрде жүзеге асырудың маңызы зор. Уақыт күтпейді. Осы орайда, Қазақстан капиталына келіп құятын шетелдік инвестициялар ағының көбеюіне ұмтылу қажет.

Ұлт жоспарының экономикалық блогына кіретін шаралар біздің экономикамыздың өңдеуші секторына кем дегенде 10 трансұлттық корпорацияны тартуды қарастырады. Инвесторлармен бірлескен кәсіпорындар құру жөніндегі жұмыстармен өңдеуші өнеркәсіптің, инфрақұрылымдардың, энергетиканың және басқа отандық компаниялардың қайта инвестициялау арқылы терең жаңғыртуға жататын кәсіпорындар,трансұлттық корпорациялардың әлеуеті пайдаланылатын кәсіпорындар, «зәкірлі инвесторлар» үшін жоғары нарықтық бәсекелі кәсіпорын мен экспорттық брендтер секілді топтар қамтылатын болады.

Әлемнің дамыған елдерінің бұл жолға тез арада, қарқынды түрде жетуі біз әңгімелеп отырған шетелдік инвестиция ағынын тартумен тығыз байланысты екені құпия болудан қалған. Осы орайда үздік елдер тәжірибесін өзімізге оңтайластыра пайдалануымыз - Ұлт Жоспарының жүзеге асуына үлкен көмек.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
Тарихтағы ең ұзақ соғыстар
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
ER-BATYR. Мақсұт Жұмаев отбасылық құндылық пен тау шыңдарын бағындыру туралы айтады
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты
Абайдың мерейтойына орай монеталар шықты