Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті күні құтты болсын!

Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш президенті күні құтты болсын!
Фото: vk.com

Бүгін – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

Бұл күн мереке ретінде 2011 жылдың 10 желтоқсаны күні ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының бастамасымен «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР Заңына толықтыру енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданған болатын. Жаңа заң 1 желтоқсанда аталып өтілетін Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті күнін белгіледі.

Мемлекеттің бірлігін, конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Республикаға сіңірген ғаламат зор еңбегі осы заңның қабылдануы арқылы бағаланып отыр.

Қазақстан Тәуелсіздік алған тұста ұлт тарихындағы аңсап күткен жаңа дәуір дәл осы 1 желтоқсан күнінен басталған еді. Өйткені, ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда орындалып, дәл сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Тәуелсіз Қазақ елінің Тұңғыш Президенті болып сайланған болатын.

Міне, содан бергі 26 жылға жуық уақыттың  ішінде президенттің еліміздегі кең ауқымды экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі шексіз. 

А. Оралқызы