"Алаштың Әлиханы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

"Алаштың Әлиханы" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейханов (1866-1937) – соңғы хан-сұлтандардың бірі – Бөкейдің тікелей ұрпағы. Алаш ардагері, мемлекет және қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 150 жылдығы биыл ЮНЕСКО шеңберінде аталып өтіп жатыр.

Осыған орай 25 қараша күні Алматы қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен "Ғылым Ордасы" кітапханасының конференц залында  "Алаштың Әлиханы" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ғылыми конференцияда Мәмбет Қойгелдиев, Уәлихан Қалижан, Айгүл Ісмақова, Нұрлан Атығаев, Хангелді Әбжан, Зәуреш Сақтағанова, Гүлбану Жүгенбаева, т.б. белгілі ғалымдар баяндама жасады.

А. Оралқызы