Тілдер күні құтты болсын!

Тілдер күні құтты болсын!
Фото: massaget.kz

Бүгін, 22 қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні. Massaget.kz порталы барша қазақ елін мерейлі мерекемен құттықтайды! Айтулы мерекеге орай ана сүтімен дарыған тілімізге құрмет көрсету мақсатында жер-жерде түрлі шаралар өтіп жатыр.

Әлемде өзге ұлттың қас-қабағына жәутеңдеп, еркін жүріп-тұра алмайтын, азаттықты аңсаған жұрт қаншама. Олармен салыстырғанда біз ата-баба аманатына қиянат келтірмей, қазақ тілімізді  қаймағын бұзбай сақтаған бейбіт те тәуелсіз, бақытты халықпыз.

Бақытымыз баянды болу жолында аянбай тер төгіп, әр 15 күн сайын жойылып кетіп жатқан тілдер қатарына қосылмау амалын жасауымыз қажет. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» сөзін жаттап өскен ұрпақ осы ұғымды тілмен ғана емес, іспен дәлелдегей. Өз ана тілін жетік білетін нағыз қазақтар көбейе берсін. 

@. @assel_assanova