"Нұрлы жол" бағдарламасын барша қазақстандықтар қолдап отыр

Дағдарыс жағдайларында, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономикалық саясатты қайта бағдарлаулар жүріп жатыр. Қолдауды экономикалық өсім мен жұмыспен қамтуда аса үлкен мультипликативті тиімділік беретін салалар алуы тиіс. Мұндай тәжірибе бізде бұған дейін болған.

Біздің 2007-2009 жылдардағы дағдарысқа қарсы табысты шараларымызды еске алсақ та жеткілікті. Көріп отырғандарыңыздай, өмір біздің жоспарларымызға түзетулер енгізуде. Және біз партияның тұғырнамасын бүгінгі күн шындығы тұрғысынан қарай отырып жаңа мазмұнмен толықтыруға тиіспіз. Бүгінде, алдымызда тұрған сын-қатерлерге жауап бере отырып, мен Қазақстанның «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты туралы жариялаймын. Мен 2015 жылға арналған халыққа жаңа Жолдауымды осыған арнаймын. Ол контрциклды сипатқа ие болады және біздің экономикамыздағы құрылымдық реформаларды жалғастыруға бағытталады".

Елбасы "Нұрлы жол - болашаққа бастар жол" атты Жолдауында халыққа осындау үндеу жариялап, дағдарысқа қарсы "Нұрлы жол" бағдарламасы қабылданғанын айтқан болатын. Бірнеше бағыттан тұратын бағдарлама бүгінгі таңда әр өңірде оңды нәтижесін көрсетіп келеді. Халқы тығыз қоныстанған аймақ Оңтүстікте де "Нұрлы жол" жүйелі орындалып келеді. Бағдарламаның екінші бағыты тұрғын үй инфрақұрылымын дамыту бойынша өткен жылы ұлттық қордан бөлінген 160,8 миллион теңгеге 324 пәтерлі 9 қабатты үйдің құрылысы аяқталған. Баспаналар толықтай ел игілігіне берілген. Ал биыл бұл бағыттағы жұмыстың көлемі әлдеқайда ұлғайыпты. Мәселен, 2016 жылы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның 11 нысанының құрылысын жүргізуге. Ұлттық қордан 5 миллиард 200 миллион теңге қаражат бөлінген. 1 тамыздағы жағдай бойынша 1,6 миллиард теңге игеріліпті. 

"Нұрлы жол" бағдарламасын бүгінде барша қазақстандықтар қолдап отыр. Себебі ол қарапайым адамдарға ең қажетті мектеп, балабақша секілді нысандарды салып, ауызсу, жылу мәселелерін шешуге ат салысып келеді.