Адамды тыңдайтын әні арқылы тану

Адамды толықтай танып білу мүмкін емес. Өзіңді өзің тану үдерісінің өзі шексіздікке ұласады. Психологтар адамдардың мінезін білу үшін түрлі тесттер ойлап табудан жалықпайды. «Досыңның кім екеніңді айтсаң, сенің кім екеніңді айтамын» деген секілді, тыңдайтын әуеніңіздің жанрына қарап та, қандай екеніңізді тануға болады.

• OPERA — өзін өзі жоғары бағалайды, жайлы, шығармашылыққа жаны жақын жан.

• CLASSICAL MUSIC — өзін өзі жоғары бағалайды, шығармашылыққа жаны жақын, тұйық, сабырлы.

• RAP — өзін өзі жоғары бағалайды, жайдары.

• ROCK/HEAVY METAL — өзін төмен бағалайды, жайлы, сабырлы, адамдармен көп араласпайды.

• DANCE — жайдары, шығармашылық адамы.

• JAZZ — өзіне берер бағасы жоғары, шығармашылық адамы, жайдары, сабырлы.

• INDIE — өзін жеткілікті мөлшерде бағаламайды, өнерге жақын, еңбекқор емес, шыдамсыз.

• BOLLYWOOD — жайдары, шығармашылыққа жақын, сабырсыз.

• REGGAE — өзіне берер бағасы жоғары, шығармашылыққа жақын, еріншек, жайдары, сабырлы.

• COUNTRY AND WESTERN — еңбексүйгіш, жайдары.

• BLUES — өзін жоғары бағалайды, шығармашылық адамы, жайдары, байсалды, ұстамды.

• CHART POP — өзін жақсы көреді, жасампаз емес, еңбекқор, жайдары, бпайсалды, ұстамды.

• SOUL — өзін жоғары қояды, жайдары, байсалды, ұстамды.