- Негізгі бет
- Маккала
- Винокуровтың ісіне қатысты...
Винокуровтың ісіне қатысты сот 22 қарашада өтеді
Винокуровтың 2010 жылғы «Льеж-Бастон-Льеж» велододасындағы жеңісі Еуропа жерінде күмән тудыруда. Олай дейтініміз Италияның құқық қорғау органдары сол жолы Винокуров жеңісті сатып алған деген айып тағып отыр. Ертеректе жазғанымыздай, бір күндік классикалық додадағы жеңісі үшін жерлесіміз екінші орын алған «Катюшаның» лидері Александр Колобневке 150 мың евро төледі-міс.
Осы оқиғаға қатысты алғашқы тыңдау 22 қарашаға белгіленді. Бұл отырысқа велоспортшылардың қорғаушылары және «Астана» мен «Катюша» командаларының өкілдері қатыса алады. Ал 7 қаңтарға жоспарланған сот отырысына басты кейіпкерлер Александр Винокуров пен Александр Колобнев міндетті түрде қатысуы тиіс.
Естеріңізде болса, бұдан бұрын қазақстандық велошабандозды швейцариялық L’Illustre журналы айыптаған болатын. Онда «Льеж-Бастон-Льеждегі» жеңісі үшін Винокуровтің ресейлік спортшыға 100 мың евро санап бергені айтылған-ды. Бірақ Халықаралық велошабандоздар одағы бұл істі тексеруден бас тарқан еді.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: takgroup.kz
Ю. НИКУЛЛИН