- Негізгі бет
- Маккала
- Премьер-лига. ХIV турда...
Премьер-лига. ХIV турда 18 гол соғылды (видео)
Футболдан ел премьер-лигасының ХIV тур ойындары мәресіне жетті. Назарларыңызға ойындардың нәтижелерін ұсынамыз.
Көш басында келе жатқан елордалық «Астана» ұпай жоғалтқан жоқ. Тараздан үш ұпай иеленіп қайтты. «Тараз» 88 минут бойы тең есепті ұстағанмен, соңғы екі минутта қақпаларына екі гол соқтырып алды. Ойында Джордже Деспотович пен Серікжан Мұжықов гол соқты.
«Тараз» – «Астана» – 0:2
Голдар: Деспотович, 88, Мұжықов, 90.
«Тараз»: Григоренко, Баялиев, Мера, Воротников, Данилюк, В.Евстигнеев (Недашковский, 83), Нұралы (Д.Евстигнеев, 46), Таубай, Сүлей, Байтана (Шахметов, 46), Мане.
«Астана»: Эрич, Постников, Логвиненко, Аничич, Шомко, Каньяс, Максимович, Абдурахими (Тағыберген, 60), Мұжықов, Аруна (Деспотович, 50), Нөсербаев (Щеткин, 86).
Павлодардың «Ертісі» соңғы ойындарында тізгінін тежей бастады. ХIV турды өз алаңында өткізіп, Қарағандының «Шахтер» клубымен тең тарқасты. Кездесуде есеп ашылмады.
«Ертіс» – «Шахтер» – 0:0
«Ертіс»: Лория, Ахметов, Йирсак, Фрейдгеймас, Малый, Фонсека, Джаллоу, Фаль, Гогуа, Есімов, Мұртазаев (Гетериев, 68).
Шахтер: Багинский, Тарасов, Садовничий, Курилов, Пикалкин, Сзоке, Габышев, Ермеков (Зенели 67), Уббинк (Ягуби 80), Байжанов, Финонченко (Нұрыбеков 59).
Кахабер Цхедадзе жаттықтыратын Алматының «Қайраты» тур өткен сайын қарқынына қарқын қосып келеді. Бұл турда алматылық ұжым өз алаңында көптен бері жеңе алмай келе жатқан «Атырауды» ұтты. Ұтқанда да ойсырата ұтты. Бауыржан Исламхан дубль авторы атанса, Исаэль, Жерар Гоу мен Андрей Аршавин бір-бір голдан соқты. «Атырау» ойыншылары да гол соқпай қайтқан жоқ. Владимир Аржанов пен Александру-Пауль Куртеян гол авторлары атанды.
«Қайрат» – «Атырау» – 5:2
Голдар: Аржанов, 17 (0:1). Исламхан, 22 (1:1). Исаэль, 28 (2:1). Аршавин, 45+1 (3:1). Исламхан, 65 (4:1). Гоу, 85 (5:1). Куртеян, 87 (5:2).
«Қайрат»: Плотников, Қуантаев, Маркович (Вороговский, 86), Рудосельский, Тесак (Лунин 76), Бакаев, Қуат, Исаэль (Дарабаев 81), Исламхан, Аршавин, Гоу.
Атырау: Нарзикулов, Дамчевски, Ламанж, Эссаме, Мулдаров (Кузьмин 58), Эсатов, Қонысбаев (Макась, 78), Сапаров, Куртеян, Аржанов, Трытко (Шабалин, 74).
Көкшетаудың «Оқжетпес» клубы кезекті ойынын Астанада өткізіп, Оралдың «Ақжайық» клубын 4:2 есебімен ұтты.
«Оқжетпес» – «Ақжайық» – 4:2
Голдар: Антипов, 7 (0:1). Нганбе, 10 (1:1). Ристович, 35 (2:1). Хайруллин, 44 (3:1). Нганбе, 51 (4:1). Бегалин, 81 (4:2).
«Оқжетпес»: Стаменкович, Чичулин, Чижов, Волков, Еоне, Нганбе, Ристович (Жұмақанов, 78), Мангуткин, Юрин (Куксин, 90+2), Хайруллин, Молдақараев (Бөлешев, 70).
«Ақжайық»: Қалменов, Тапалов, Колуния, Ортиз, Николич, Говедарица, Антипов (Сергиенко, 46), Валиуллин, Омаров (Қайыров, 58), Шевцов, Хромцов (Бегалин, 70).
Талдықорғанда өткен «Жетісу» мен «Ақтөбе» арасындағы ойын 1:1 есеібмен тең аяқталды. Бірінші болып қонақтар сапынан 70 минутта Цвейба есеп ашса, араға 3 минут сала Әмірсейітов айып соққысынан таразы басын теңестірді. Екі голға да ХIV турдағы ең әдемі соғылған голдар деп баға беруге болады.
«Жетісу» – «Ақтөбе» – 1:1
Голдар: Цвейба, 70 (0:1). Әмірсейітов, 73 (1:1).
«Жетісу»: Пасеченко, Әмірсейітов, Кадио, Клайн, Сағындықов (Харун-Заде, 81), Моисов (Азовский, 72), Джалович, Шабаев, Тұрысбек, Симоновски (Калинин, 60), Савич.
«Ақтөбе»: Павлов, Куаджа, Сорокин, Цвейба, Ситдиков, Азовский, Крюков, Смақов, Бочаров, Жалмұқан (Тілешев, 87), Жаңғылышбай (Шестаков, 59).
Шымкенттің «Ордабасы» клубының соңғы турдағы нәтижелері құлдырап барады. Олар ХIV турда Қостанайда «Тобылға» есе жіберді. Ал жақында ғана бас жаттықтырушы болып тағайындалған Омари Тетрадзе командасымен алғашқы жеңісін тойлады. Қостанайлық ұжымға жеңіс сыйлаған голды 58 минутта Сергей Хижниченко соқты.
«Тобыл» – «Ордабасы» – 1:0
Гол: Хижниченко, 58.
«Тобыл»: Логиновский, Мирошниченко, Яворский, Кассай, Главина, Жулпа, Шимкович, Мухутдинов, Деак (Джалилов, 87), Жұмасқалиев (Досмағамбетов, 68), Хижниченко (Дудченко, 89).
«Ордабасы»: Бойченко, Қожабаев (Трифунович, 85), Трайкович, Абдулин, Ирисметов (Төлебек 57), Диакате, Симчевич, Бейсенов, Нұрғалиев, Касалица, Юнузович (Тәжімбетов, 78).
Турнир кестесі
О. Сансызбай