«Тобылды» Омари Тетрадзе жаттықтырады

О Сансызбай Корреспондент
«Тобылды» Омари Тетрадзе жаттықтырады
Фото ©️ fc-tobol.kz

Қостанайдың «Тобыл» футбол клубын ресейлік маман Омари Тетрадзе жаттықтыратын болды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр.

БӨЛІСУ

Жаттықтырушы мен клуб жартыжылдық келісімшартқа қол қойған. Ол команданы Шымкенттің «Ордабасы» клубына қарсы ойынға бастап шығатын болады.

Омари Тетрадзе 2006 жылдан бері жаттықтырушылық қызмет атқарып келеді. Осыған дейін Ресейдің «Крылья Советов», «Анжи», «Волга», «Химки» клубтарында қызмет атқарған. Соңғы рет Красноярскінің «Енисей» клубын жаттықтырған. Жаттықтырушы үшін Қазақстан премьер-лигасы таңсық емес. Ол 2013/2014 жылғы маусымда Талдықорғанның «Жетісу» клубын жаттықтырған болатын.

Айта кетейік, қазіргі таңда қостанайлық клуб ХІІІ турдың қорытындысы бойынша 12 ұпаймен 9-орында келеді.