- Негізгі бет
- Маккала
- Головкин бұрын қылмыстық...
Головкин бұрын қылмыстық жазаға тартылған қарсыласын қалай жеңеді?
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Мартин Мюррейдің алда болатын жекпе-жегін жақсылық пен жамандық арасындағы «қанды қақтығыс» ретінде көрсеткісі келген промоутерлердің барлық еңбегі желге ұшты. Боксшылардың жекпе-жек алдындағы кездесулері ешқандай қақтығысқа ұласқан жоқ, - деп хабарлайды «Қазақстан» телерадиокорпорациясының баспасөз қызметі.
Мартин Мюррей Доменик Спаданы жеңгеннен кейін берген бір сұхбатында: - Қазақстандық боксшы барлық қарсыласын жеңді, алайда мен әлемнің орта салмақтағы кез келген боксшысын жеңе аламын. Егер жеңіліс табамын деген күдігім болса, онда бұл жекпе-жекке келіспес едім, - деген еді.
Бұрын қылмысқа тартылған Мартин Мюррейдің аузынан шыққан "жылы сөздер" күмән туғызады. Боксшының ойында не барын бапкері де білмейтін сыңайлы. Ол Манчестер мен Ливерпуль қалаларының ортасындағы Сент-Хеленс деп аталатын қалашықта өскен. 100 мың тұрғыны бар аймақ Англиядағы ең қауіпті өңірлер тізімінде Ноттингемнен кейін екінші орында. Сол жерде өскен Мартин 17 жасында-ақ сотты болған. Кейіннен мас күйінде көлік басқарып, дүкеннің күл-паршасын шығарған. Үшінші рет те сотты болған.
Мартин Мюррей - кәсіби бокс әлеміндегі сөздері өзіне қарама-қайшы келетін боксшылардың бірі. Біресе Головкинді жеңудің жолын таптым десе, біресе оны жеңу үшін көп жаттығудамын дейді. Жеңіске жету үшін барлық қиындықтар мен сынақтардан өтуге дайын екенін өзі айтқан болатын. Сарапшылардың басым бөлігінің пікірі бойынша британдық боксшы өзінің «жеңілісіне» қазірден бастап сылтау іздеуде. Мюррей күресуге бапкерсіз шығатынын айтқан болатын. Бұл, әрине, тың жаңалық - дейді, «Қазақстан» телеарнасында көрсетілетін жекпе-жектің комментаторы Аян Төлеген.
– Головкин – жеңіске үміткер, бірақ мен Серхио Мартинестің позициясында болғанмын. Мен адамдардың сөздеріне мән бермеймін. Өз ісімді істеймін. Мені жеңе алады деп ойлайтын адамдардың көп болуы әлдеқайда жақсы, - деп ойымен бөліседі британдық боксшы.
Қазақстандық комментатор А.Төлеген Мюррейдің қазақстандық боксшының шабуылына тойтарыс беретін тәсілі бар деп ойлайды.
- Бойының биіктігіне қарамастан, Головкинді күшпен, шапшаңдықпен, техникамен жеңе алмайтынын түсінеді. Еуропалық, әсіресе, неміс боксшылары баспен соғу және т.б. тәсілдерімен ерекшеленеді. Осылайша, британдық боксшы ұзақ тұру үшін бар күш-жігерін салып, бар айла-тәсілдерін қолданады. Бұл жерде қандай тәсіл қолданса да, әрине, жақсы. Бірақ Мюррейдің Монако аумағында жұдырықтасатынын, ал Монако ханзадасы боксты қатты ұнатанын және ол әдемі жеңісті құрметтейтінін естен шығармау қажет. Мартин болашаққа деген жолын әзірлеуі тиіс, -деп ойымен бөліседі А.Төлеген.
Егер Мартин Мюррей жеңетін болса, онда оңай олжаға батам дегендер бір байып қалатыны анық, себебі қойылған бір теңге үшін букмерлер 10 теңге береді. Бірақ мұндай болжамды жасайтындардың қатары аз.
Америкалық комментатор Тэд Кофи Головкиннің жеңісін 6 раунд және нокаут деп болжайды. GGG жеңісіне 3-5 раунд жеткілікті,- деп болжайды А.Төлеген. «Бұл Генаның өзіне байланысты, қаншалықты тез ойнап болатынына»- деп әзілдейді комментатор.
Головкиннің Мюррейге қарсы кездесуі тартысты болары сөзсіз. Ал егер жеңіліс тапса? Бірақ сонда да Головкиннің рингтен кетуі екіталай. Осыған дейін боксқа көп күш салды. Бір жағынан бұл қазақстандық боксшыға жақсы да болатын шығар. Мұндай жағдайда орта және ортаға шамалас салмақтағы боксшылар онымен күресуге келісім беретін шығар. Бүгінде олардың бұл жекпе-жекке келіспейтіндерін де білеміз. Ал олармен күресу Генаға үлкен ақша табудың жолы екені айдан анық.
Мартин Мюррейдің Головкинге қарсы сөзінде рингте нағыз шайқас болатынын айтқанына көп уақыт өткен жоқ. Оның нәтижесін бокстың мыңдаған жанкүйерлері күтуде. Әлемнің ақпараттық алаңдары өз кезегінде Головкиннің: «Адамдарға және өзіме де нокауттар ұнайды. Бұл - бокс. Мен жекпе-жектерді нокаутпен аяқтағым келеді. Мен үшін бұл маңызды. Мен үлкен драмалық шоу сияқтымын»,- деген сөзін белсенді таратуда. Монакода өтетін тікелей эфирді нақ осы оймен қараған жөн шығар.
1 ақпан күні «Қазақстан» телеарнасы осы жылдың басты күрестерінің бірі – WBA және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен британдық кәсіби боксшы, әлемнің уақытша чемпионы (WBA нұсқасы бойынша, 2012—2013) Мартин Мюррей арасындағы жекпе-жекті Монте-Карлодан (Монако князьдығы) тікелей эфирде көрсетеді.
Үлкен бокстың кеші 21 ақпаннан 22 ақпанға қараған түні тікелей эфирде көрсетіледі. «Salle des Etoiles» (Монако) аренасынан «Қазақстан» телеарнасында Астана уақыты бойынша басталуы - сағат 01.25-те. Головкин мен Мюррейдің жекпе-жегі Астана уақыты бойынша сағат 04.45-те басталады. Көрермендер 22 ақпан күні сағат 10.00-де «Кazsport» телеарнасынан бокс кешінің қайталауын, соның ішінде Головкиннің де жекпе-жегін тамашалай алады.
Сурет: vk.com
Оқи отырыңыз
Мюррей Головкиннің суретінен де қорқа бастаған секілді
Головкин мен Мюррей жекпе-жегінің билеттері сатылымға шықты
Геннадий Головкиннің спорттағы ең үздік сәттері HBO телеарнасынан көрсетілді
Головкин келесі кездесуін Калифорнияда өткізеді
О. Сансызбай