Африкада "қазақша күрестен" турнир өтті

Жақында Африка құрлығының ОАР (Оңтүстік Африка Республикасы) мемлекетінде "қазақша күрестен" халықаралық турнир болып өтті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

Турнирге "қара құрлықтың" 6 елінен (ОАР, Зимбабве, Ботсвана, Свазиленд, Габон және Нигериядан) барлығы 30 палуан қатысты. Жарыс төрт салмақ (60, 70, 90, +90 келі) бойынша өтті. Сондай-ақ Кейптаунда оқу-жаттығу тренингтері мен төрешілерге семинар болып өтті. 

Сонымен, назарларыңызға жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдерін ұсынамыз: 

60 келі:
1-орын - Стефан Филлипс (ЮАР), 
2-орын - Таванда Манганганга (Зимбабве), 
3-орын - Вилбур Влул (ЮАР),
3-орын - Майкл Пелономи (Ботсвана).

70 келі:
1-орын - Мусса Анафи (Зимбабве),
2-орын - Абдул Гакем Хаузер (ОАР),
3-орын - Дольфвандер Весшуйзер (ОАР),
3-орын - Сипхо Малаза (Свазиленд).

90 келі:
1-орын  - Эдсон Пиндза (Габон),
2-орын - Джордж Атоеби (Нигерия),
3-орын - Абубакр Петерсен (ОАР),
3-орын - Варрен Коопман (ОАР).

+ 90 келі:
1-орын - Дин Пиетерсен (ОАР),
2-орын - Виктор Гвебу (Свазиленд),
3-орын - Самуэль Амиго Рамаеба (Ботсвана),
3-орын - Кобе Тернта (ОАР) 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: bigpicture.ru