Роналдиньо «Атлетико Минейро» командасына ауысты

2004 пен 2005 жылғы әлемнің ең үздік ойыншысы Роналдиньо Белу-Оризонти қаласына жол тартты. Енді ол "Атлетико Минейро" командасының ойыншысы.

Осы мамыр айының аяғына қарай 32 жасарлық жартылай қорғаушы "Фламенго" командасымен арадағы келісім-шартты бұзған болатын. Оған себеп аталған ойыншыға айлық уақытында беріліп отырмаған. Бразилиялық басылымның сөзіне сенсек, атақты ойыншының бауыры "Атлетико Минейро" командасының бапкері Кукомен достық қарым-қатынаста екен... Дүйсенбі күні жартылай қорғаушы жаңа команда сапында алғашқы дайындыққа қатысты. 

"Роналдиньоның ауысып келуі - біздің команда үшін мақтаныш"- деп "Атлетика" президенті қуанышын жасырып қала алмады.

Роналдиньо Испанияның екі дүркін чемпионы, Испания суперкубогінің иегері, Чемпиондар Лигасының жеңімпазы ("Барселона" сапында) және сонымен қатар Италия чемпионы ("Миланның" сапында) болып табылады. Ұлттық құрамада (17 жас аралығында) жастар арасындағы әлем чемпионы, 1997 мен 2002 жылдары әлем чемпионы, конфедерация Кубогінің иегері және 2008 жылғы олимпиялық ойынның жүлдегері болған. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube-nocookie.com/v/1QlLZuehOQA?version=3&hl=ru_RU","width":"450","height":"256"});

Сурет: stawiam.com