Еуромаусым. Кездесу алдындағы болжамдар

Сенбі және жексенбі күндері Еуропада футбол маусымы қыза түспек. Назарларыңызға аса тартысты өтетін кездесулер алдындағы болжамдарды ұсынамыз.

Ағылшын премьер-лигасы


«Эвертон» - «Челси»

 Ағылшын премьер-лигасының ІV турындағы орталық кездесу «Эвертон» мен «Челси» арасында болады деп болжауда мамандар. ІІІ тур қорытындысы бойынша Жозе Моуринью командасы әлі жеңілістің ащы дәмін татпаса, «Эвертон» 3 кездесуінде де тең нәтиже көрсетіп отыр. Роберто Мартинес шәкірттері үшін бұл жоғары көрсеткіш емес екені анық. Сонымен қатар Маруан Феллайнидың «қызыл сойқандар» сапына ауысуынан кейін, бас бапкердің кездесудегі тактикасына да өзгерістер енері даусыз. Ал трансфер маусымының соңғы күнінде «Манчестер Ситиден» жалға келген жартылай қорғаушы Гарет Барри алғашқы кездесуіне шығады деп күтілуде.

ІІІ тур қорытындысы бойынша көш басында келе жатқан «Ливерпуль» командасы кездесуін дүйсенбі күні «Суонсиде» қонақта өткізеді. Ал өткен маусымда чемпион атанған «Манчестер Юнайтед» өз алаңында «Кристал Пэласпен» кездесетін болады.

ІV тур, кездесулер кестесі

14 қыркүйек, сенбі

 14.09.2013  
 Манчестер Юн         Кристал Пэлас 
 Сандерленд    Арсенал 
 Астон Вилла    Ньюкасл 
 Фулхэм    Вест Бромвич 
 Халл Сити    Кардифф 
 Сток Сити    Манчестер Сити 
 Тоттенхэм    Норвич Сити 
 Эвертон    Челси    15.09.2013
 Саутгемптон    Вест Хэм    16.09.2013      Суонси Сити   Ливерпуль 

Ла-Лига 


«Вильярреал» - «Реал»

Ла-Лиганың ІV турындағы кездесулер аса тартысты болмақ. Алғашқы үш турда да қарсыластарына басымдығын танытқан «Вильярреал» мен «Реал» арасындағы кездесу көпшіліктің назарын аударары даусыз. «Эль-Мадригал» стадионында өтетін кездесуге «корольдік клубтың» көшбасшысы Криштиану Роналду қатыспауы мүмкін. Оған себеп - алған жарақаты болып отыр (сіңір тіндерінің дистрофиясы). Сонымен қатар, мадридтік команда сапынан Рафаэль Варан енді ғана жарақатынан айыға бастаса, Марсело, Хаби Алонсо және Фабиу Коэнтрау бұл кездесуді алаң сыртынан тамашалайтын болады. Ал жақында ғана команда сапын толықтырған Гарет Бэйл негізгі құрамда алаңға шығуы ғажап емес. Бұл туралы испан баспасөздері жарыса жазуда. Ал алаң иелері сапына тәжірибелі жартылай қорғаушы Франсиско Фаринос командасына көмекке шыға алмайды. «Вильярреал» форварды Хонатан Перейра өздерінің жеңісті жолын жалғастыратынына сеніммен қарауда. Кездесу 15 қыркүйек күні өтеді.

 «Барселона» - «Севилья»

Ла-Лиганың ІV турында каталондық «Барселона» өз алаңы «Ноу Кампта» "Севильяны" қабылдайды. Бейсенбі күні оқу-жаттығу жиынын өткізген каталондық ұжымның негізгі құрамындағы футболшылардың барлығы кездесуге тас-түйін дайын екенін байқатты. Ал қонақтар сапы қазіргі таңда толығымен негізгі құрамдағы ойыншыларын шығара алмай келеді. Жақында ғана мадридтік «Реалдан» жалға алған Денис Черышев те жарақат алып үлгерген. Алайда бас бапкер Эмери каталондық командаға қарсы кездесуде шәкірттерінің аянып қалмасына сенім артуда. Ал көптеген мамандар мен букмекерлі кеңселер Месси бастаған жігіттер 3:1 есебімен жеңіске жетеді деп болжауда.

ІV тур, кездесулер кестесі

14.09.2013
 Атлетико М       Альмерия 
 Леванте   Реал Сосьедад 
 Барселона   Севилья 
 Вильярреал   Реал  15.09.2013
 Гранада   Эспаньол 
 Хетафе   Осасуна 
 Малага   Райо Вальекано 
 Бетис   Валенсия  16.09.2013 
 Эльче   Вальядолид 
 Атлетик Б   Сельта 

Бундеслига


«Бавария» - «Ганновер-96»

Мюнхендік «Бавария» ІV турда сырт алаңда «Фрайбургпен» тең ойнап, дортмундтық «Боруссияны» алға жіберіп алған-ды. «Альянс-Аренада» өтетін кездесуге алаң иелерінің сапынан Хави Мартинес, Тиаго Алькантара және Марио Гетце шықпайды. Ал Бастиан Швайнштайгер команданың жаттығуына белсене қатысуда. Сенбі күні өтетін «Ганноверге-96-ға» қарсы кездесуге шығуы мүмкін. Осыған дейін бұл ойыншы «Бавария» мен Германия құрамасының бірнеше кездесулерін жіберіп алған еді. Ал «Ганновер-96» командасы бұл маусымды сәтті бастады. 4 кездесудің 3-нде жеңіске жетіп, турнир кестесінің 4-ші сатысында келеді.

V тур, кездесулер кестесі:

Бүгін
 Герта     Штутгарт  14,09,2013
 Бавария     Ганновер-96 
 Байер     Вольфсбург 
 Вердер     Айнтрахт Ф 
 Майнц     Шальке-04 
 Аугсбург     Фрайбург 
 Боруссия Д     Гамбург  15,09,2013
 Хоффенхайм     Боруссия М 
 Айнтрахт Бр     Нюрнберг 

Серия А


«Интер» - «Ювентус»

Италияның Серия А кездесулерінің ІІІ турындағы негізгі орталық кездесу миландық «Интер» мен туриндік «Ювентус» арасында өрбімек. Бұл маусымда еурокубоктарда өнер көрсетпейтін миландық ұжым ішкі біріншілікте барын салары сөзсіз. Ал алғашқы екі турда да жеңіске жеткен ұжымдар арасындағы тартыста екіден көп гол соғылуы мүмкін. Көптеген букмекерлік орталықтар мен мамандар кездесуде «Ювентусты» фаворит санауда. Есеп 1:2 немесе 1:1 болып тіркелуі мүмкін деп отыр.

ІІІ тур, кездесулер кестесі

14.09.2013
 Интер                  Ювентус 
 Наполи      Аталанта 
 Торино      Милан  15.09.2013
 Фиорентина      Кальяри 
 Верона      Сассуоло 
 Лацио      Кьево 
 Ливорно      Катания 
 Удинезе      Болонья 
 Сампдория      Дженоа  16.09.2013  
 Парма      Рома 

Лига 1 


«Бордо» - «ПСЖ» 

Лига 1 кездесулерінің арасында «Бордо» мен «ПСЖ» арасындағы кездесулер тартысты өтеді деп күтілуде. «ПСЖ» алаң иелеріне қарсы соңғы 5 кездесуде жеңілмеген екен. Сонымен қатар бұл команда Франция чемпионатының соңғы 15 кездесуінде де жеңілмеген. Ал ең көп голдарын екінші таймда соғатын ұжым саналады. Сондықтан да бұл кездесуде париждік команда қарсыластарынан екінші таймда басымдығын танытып кетуі мүмкін. Мамандар бұл кездесуде қонақтарды 1:2 есебімен жеңіске жетуі мүмкін деп болжап отыр. Ал Лоран Блан шәкірттерінің қатарынан жартылай қорғаушы Хавьер Пасторе командасына көмектесе алмайды. Жарақат алған футболшы екі аптадан соң ғана алаңға шығады деп күтілуде.

V тур, кездесулер кестесі:

 Бүгін
 Бордо                ПСЖ  14.09.2013
 Тулуза      Марсель 
 Аяччо      Эвиан 
 Генгам      Бастия 
 Монпелье      Реймс 
 Нант      Сошо 
 Валансьен      Сент-Этьен  15.09.2013  
 Монако      Лорьян 
 Лилль      Ницца 
 Лион      Ренн 

 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: rsport.ru