- Негізгі бет
- Мәдениет
- ТОП-5: Әлемдегі ең...
ТОП-5: Әлемдегі ең атақты аукциондар
Бүгінде аукционның не екенін білмейтін адамды кездестіру қиын. Жыл сайын олардың танымалдылығы артып келеді, тіпті, кейбір адамдар сол саланың нағыз маманына айналған. Аукцион тек сатушылар үшін ғана тиімді емес, сатып алушылар да пайдалы сауда жасайды. Өйткені, аукционнан ең сирек жәдігерді де кездестіруге болады. Заманға сай аукциондар интернет кеңістігіне өтуде. Бүгін massaget.kz порталы әлемдегі ең атақты ТОП-5 аукционды атайтын болады.
1. Кристис (Christie's)
Christie’s аукционының іргесін 1766 жылы антиквар Джеймс Кристи қалайды. Басынан бастап аукцион үйі аталмыш нарықта көш бастайды. Джеймс Кристидің сауда үйінде патша отбасы мен белді адамдарға тиесілі құнды дүниелер мен көркем мұралар сатылды. Сонымен қатар, бұл салада қарапайым сауда түрін өнерге айналдырған Джеймс Кристи саналды. Бүгінде Christie's әлемдік арт-нарықтың көшбасшы, 2015 жылғы қорытынды бойынша олардың табысы $7,4 миллиардтан асқан.
2. Сотбис (Sotheby's)
Әлемдегі ең ескі аукцион саналады. Бұл үй 1744 жылы кітап саудагері Сэмюэл Бейкердің көмегімен тұрғызылады. Оған дейін үш аукцион үйінің негізі қаланған болатын. Бастапқыда Сотбис тек шенеуліктер ғана бас қосатын жабық клубы саналады. Бейкердің компаниясы алғашқы жүз жылдықта тек кітап саудасымен айналысады. Кейін дағдарыс кезінде, 1983 жылы Сотбис компаниясын америкалық кәсіпкер Альфред Таубман сатып алады. Бүгінде әлемнің түкпір түкпірінде Sotheby's компаниясының 100-ден астам кеңсесі бар. Олар тек сирек әрі бағалы кітаптарды сатып қана қоймай, өнер туындыларын да саудалайды.
3. Бонхамс (Bonhams)
Әмбебап Bonhams аукционы Британиядағы ең ірі аукциондардың қатарына кіреді. Оны 1793 жылы Томас Додд пен Вальтер Бонхам салады. XVIII ғасырда Bonhams ескі әрі сирек кездесетін классикалық өнер туындыларын сатумен айналысады. 2000 жылы Бонхамс компаниясын Brooks сатып алады да, атауы Bonhams&Brooks деп өзгереді. Бүгінде 70 түрлі затты саудалайды: картиналар, көліктер, музыкалық аспаптар, шарап, кілем мен дизайн объектілері.
4. Доротеум (Dorotheum)
Неміс тілінде сөйлейтін елдер үшін Доротеум ірі әрі белді аукцион саналады. Оның негізін Иосиф I патша 1707 жылы қалайды. Жыл сайын Доротеум шамамен 600 аукцион өткізеді. Басқалардан айырмашылығы, сатып алушы ие болған затын бірден өз меншігіне алады.
5. Макдугаллс (MacDougall's)
МасDougall's негізі 2004 жылы Уильям және Екатерина Макдугалл көмегімен қаланады. Бұл аукцион тек орыс және славян өнер туындыларын ғана саудаға салады және бұл сала бойынша әлемдегі ең көлемді аукциондардың үштігіне кіреді. Ережеге сай, МасDougall's жылына екі рет аукцион өткізеді. Сатылым көлемі бойынша Ұлыбританияда 5 орынға жайғасқан.