Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қымбатқа сатылған қаламгерлер мұрасы

Қымбатқа сатылған қаламгерлер мұрасы

Қымбатқа сатылған қаламгерлер мұрасы

"Алдымен, олар адамның түбіне жеткенше тыңбайды, кейін оның жеке заттарын іздей бастайды. Достоевский, Есенинді де сөйткен. Пастернакты да сөйтеді. Бір күні естерін жияды, Солженицынның да жеке заттарын іздей бастайды",  – деп өмір шындығы суреттейді Сергей Довлатов шығармасының кейіпкері.

Бір қызығы, оны іздеп не тауып қана қоймайды. "Данышпанның" саусағының ұшы тиген нәрсе әп сәтте-ақ аукционда сатылып кетеді. Массагет порталы әдебиет әлеміндегі ерекше әрі қымбатқа сатылған жәдігерлерді ұсынады.

Харпер Лидің Дональд Трамптың казиносы жайында жазған хаты
$3 926

Америкалық жазушы Харпер Ли 1990 жылы өзінің құрбысы Дорис Леопардқа хат жазады. "Құдайдың күнәһарға берген жазасы оның жанын мәңгі Атлантик Ситидегі "Тәж Махалға" байлап қою болса керек",– дейді хатында. Аталған казиноның иесі — Дональд Трамп. Қызық, "Қылжақбас құсты өлтіру" (Убить пересмешника) кітабының авторы Трамп болашақ президент болады деп ойлады ма екен?! Дегенмен, хат АҚШ сайлауына дейін, 2016 жылдың көктемінде сатылды.

 Джейн Остиннің бір уыс шашы салынған медальон
$6 382

Қаза тапқан адамның қалтасынан табылған "жылап" тұрған тал бейнеленген медальондағы шаш Джейн Остиндікі болуы мүмкін. Бірақ, ешқандай дәлел жоқ. Соған қарамастан, бұл жәдігер алты мың доллардан аса бағаға сатылған. 

Чарльз Диккенстің тіс тазалағышы мен итінің  қарғыбауы
$9 150 және $11 590

Washington Post басылымында "Бонхамс" аукционы Barnes&Noble компаниясына жазушының тіс тазалағышы мен итке арналған қарғыбауын сатқанын хабарлаған болатын. Көрсетілген бағамдар бойынша тіс тазалағыш үш пен бес доллар арасындағы бағаға өтуі тиіс еді. Бірақ, оны тоғыз мың долларға сатқан. Ал, қарғыбау одан да қымбатқа шыққан. 

Сильвия Платтың әмияны
$11 674

Сильвия Плат өткен ғасырда өмір сүрген Американың ең беделді, атақты ақындарының бірі саналады. Сол себепті, оның аукционға түскен әрбір заты лезде сатылып кетеді. Әмиянмен бірге оқырман билеті, Америкалық ақындар ұйымы мүшесінің арнайы билеті, рождестволық шырша жанында түскен анасы мен інісінің суреті болған. Жақында аукциондарда сатылған Платтың жеке заттарының ішінде жазу машинасы, оның пікірлері бар кітаптар топтамасы, суреттері мен сағаттары болған. New York Times мәліметінше, Платтың меншігі 551 862 АҚШ долларына сатылған.

Эрнест Хемингуэйдің рентген суреті
$15 000

Эрнест Хемингуэйдің табанының рентген суреті – оның 1918 жылы Италияда алған жарақатының дәлелі. Кейін ол туралы өзінің "Қош бол, қару" (Прощай, оружие!) атты романында жазады. 

Трумен Капотенің күлі
$44 000

"Бүгін кешкісін" телевизиялық бағдарламасының жүргізушісі Джонни Карсонның әйелі Джоан осы ағаш сандықтаның иесі еді. Ол жақын досының күлі оған "үлкен қолдау" болғанын жиі айтатын. Трумен Капотенің күлімен қатар, көз жұмған сәтінде үстінде болған киімі мен дәрісі сатылған. Киімді 6400 долларға, ал дәріні 9280 долларға сатып алған.

"Гарри Поттер және философиялық тас" кітабының алғашқы басылымы
$74 000 шамасы

Кітаптың 1997 жылы шектеулі тиражбен шыққан. Бар болғаны 500 дана: кітапта орфографиялық қателіктер кездеседі. 

Вирджиния Вулфты "Шамшыраққа қарай" романын жазуға шабыттандырған жағажай
$ 106 342

Корнуолла жағалауындағы Годреви шамшырағы көрінетін аймақтан 30 гектар жер сатылымға шыққан еді. The Guardian өткізген аукционды ұйымдастырушылардың бірі:"Бұл жер тек адамның әлеуметтік жағдайының көрсеткіші. Жерді көрсетіп, "бұның бәрі маған тиесілі" деп мақтану үшін ғана"- дейді. Дегенмен, жерді иеленген адамның есімі сол күйі жасырын қалды.

Пушкиннің "Жуковскийге" өлеңінің қолжазбасы
$322 00

2007 жылы қолжазба Sotheby’s аукционында сатылды. Оның бағасы негізгі құнынан екі есе қымбатқа шықты. Негізгі иесі графиня Сара Биллерс болатын. Ол атақты адамдардың қолтаңбаларын жинаумен әуестенген.

3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: dengi.ua
Қосылған күні: 22 тамыз, 08:37

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.