- Негізгі бет
- Мәдениет
- "Қазақстан аруы" ролигінің...
"Қазақстан аруы" ролигінің түсірілімі Маңғыстау мен Түркістанда жалғасты
"Қазақстан аруы" байқауының түсірілім тобы еліміздің көрікті жерлері туралы фильмнің өндірісін жалғастырып жатыр. Бұл жолы олар Маңғыстау және Түркістан облыстарына сапар шекті.
Айта кетерлігі, фильм Лондонда өтетін "Әлем аруы - 2019" байқауында көрсетіледі. Шығармашылық топтың негізгі мақсаты — көрерменге қазақ жерінің қайталанбас сұлулығын, тарихын, халқымыздың қонақжайлығын көрсету. Туындыдағы басты кейіпкер Мадина Батық 2019 жылы Қазақстанның ең сұлу аруы деп танылған.
Фильмде Маңғыстаудан екі локация көрсетіледі. Бірі — Бозжыра, екіншісі — Каспий теңізі. Өндірушілер табиғаты таңғажайып өңірдің кадрлары "Әлем аруы" байқауының миллиондаған аудиториясын тамсандыратынына сеніп отыр.
Ал Түркістан облысынан көрсетілетін локациялар саны көп. Түсірілімге облыс орталығының өзінен екі нысан таңдалған. Оның біріншісі — Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, екіншісі — "Қылует" этнографиялық музейі.
Назарларыңызға түсірілім кезінде дайындалған арнайы влогты ұсынамыз. Видеокүнделіктердің бас интернет-серіктесі — Tengrinews.kz, Massaget.kz порталдары. Ресми серіктес — "Кселл" АҚ — Бұрынғыдан әлдеқайда жақын!
Y. Almabek