Атақты актриса жасырын тұрмысқа шыққанын байқамай айтып қойды

Атақты актриса жасырын тұрмысқа шыққанын байқамай айтып қойды

Бір апта бұрын әлемдік БАҚ Ева Мендестің білегіндегі татуировканы – актриса Райан Гослингке тұрмысқа шыққанын тұспалдаған «де Гослинг» жазуын талқылады.

48 жастағы Ева Аустралиядағы қайырымдылық жұмысын талқылау үшін телебағдарламаға қонаққа келіп, осы сыбысты байқамай растап қойды. Сұхбат кезінде Ева байқаусызда Райанды «күйеуім» деп атады. Ол жүргізуші Карл Стефанович пен Эллисон Лэнгдонға: «Барлығы бізді өте жақсы қарсы алды, менің күйеуім Райан да бар және біз жақсы уақыт өткізіп жатырмыз», - деді.

Еваның отбасылық жағдайға қатысты түсіндірмесі әлеуметтік желілерде бірден талқылаудың басталуына әкелді. Жұптың жанкүйерлері шын қуанды.

Жұлдыз 2011 жылдан бері Райан Гослингпен қарым-қатынаста және олардың екі қызы бар: 8 жастағы Эсмеральда және 6 жастағы Амада. Осы уақыт ішінде олардың мәртебесін ресми етіп, қарым-қатынастарын заңдастыруға шешім қабылдағаны белгісіз боп келген.

А. Оралқызы