Топ-7: Үнді киносының сұлу жұлдыздары

Болливуд актрисалары жарқырауда: Айшвария Рай Канн фестивалінде голливуд диваларынан асып түссе, Приянка Чопра жұлдыздар хроникасының басты кейіпкеріне айналып отыр. Болливудың ең сұлу және табысты жұлдыздарымен танысайық.

Приянка Чопра

Приянка Чопра — Үндістандағы көп ақы төленетін табысты актрисалардың бірі. Ол мансабын модель ретінде және сұлулық конкурстарына қатысумен бастады.

Болливудтық актрисаның акциялары 2017 жылы әлем ол Меган Марклдың жақын құрбысы екенін білген кезде бірден артып кетті. Актриса бұл достық жайлы көптеген сұқбаттарда айтқаны рас. Бірақ, шындығына келер болсақ, Приянка Чопраның өзінің де мақтануға тұратын жетістіктері жетерлік.

Мысалы, сол 2017 жылы атақты «Малибу құтқарушылары» фильмінің ремейкіне түсті. Ол оның 50-ші картинасы болды. Оның классикалық үнді сұлулығымен қоса еңбекқорлығы Приянкаға Айшвария Раймен бір қатарға тұруына мүмкіндік берді.

Приянка өзінің табиғи сұлулығын жеңіл макияжбен айқындайды. Оның шашы табиғатынан қалың және жылтыр. Халық болливудтық актрисаны әдемі дизайнерлік киімдері үшін ғана емес, қоғам алдындағы түрлі еңбегі үшін де қызыға бақылайды. Мысалы, ол өз еркімен CAF қайырымдылық фондының және Үнді өнеркәсіп конфедерациясының (сауатсыздықпен күресу бағдарламаларын қадағалайды) елшісі болды. Приянка актриса, модель және әнші ретінде жұмыс істейді.

Айшвария Рай

Айшвария Рай — Үндістанда туып-өскен ең атақты жұлдыз. Ол да Приянка Чопра секілді «Әлем аруы» атағын алды. Архитектуралық факультеттегі оқуын тастап, модель болуға бел буды. Ол жас кезінің өзінде Vogue жураналымен және Pepsi компаниясымен бірге жұмыс істеді.

Айшвария Рай актриса ретіндегі мансабын Болливудта емес, Колливудта (Үндістанның оңтүстігіндегі басқа кинорайон) бастады. Ол 45-тен аса фильмге түскен. Ол әлі де өз елінде ғана емес, Голливудта да сұранысқа ие.

Одан бөлек актриса қайырымдылықпен белсенді айналысады: PETA жануарларды қорғау ұйымын қолдайды, Үндістандағы нашар көретіндерге көмектеседі және 2004 жылы кедейлерге көмектесумен айналысатын Aishwarya Rai Foundation фондының негізін қалады.

Анушка Шарма

Анушка Шарма — Үндістандағы жоғары ақы алатын атақты актрисалардың бірі. Ол әзір өзін әлемдік сахнада көрсетіп үлгерген жоқ, ал өз елінде марапаттарды бірінен соң бірін алып жатыр. Анушка әскери отбасыда дүниеге келген. Оның мансабының басталғанына 10 жыл ғана болды, бірақ осы уақыт аралығында ол өзін түрлі жанрда байқап көрді: романтикалық комедиядан бастап психологиялық триллерге дейін. Ол да Айшвария Рай секілді PETA бастамасына белсенді қатысады. 2017 жылы оған бұл ұйым «Жал адамы» атағын берді.

Дипика Падуконе

2008 жылы Дипика Падуконе Filmfare Awards-тан өзінің алғашқы марапатын  («Үздік дебют») алғаннан кейін оның сөресінде барлық мүмкін мүсіншелер саны арта бастады. Дипика негізі Данияда туылған, Үндістанға бала кезінде көшіп барған. Ол 20 жасында модель болып ақша таба бастайды: ол Marie Claire, Vogue, Cosmopolitan, GQ және басқа да журналдармен бірге жұмыс істейді. Ол түскен фильмдер көп, бірақ ол көпшілікке «Үш икс: Ксандер Кейдждің оралуы» картинасымен таныс. Мұнда Дипика Вин Дизельмен бірге ойнайды. Бұл болливудтық жұлдыздың депрессиямен күресіп жүрген адамдарға көмектесетін жеке қайырымдылық фонды бар.

Фрида Пинто

Оны болливудтық жұлдыздардың ішіндегі ең «голливудтық» актриса десе болады. Фрида Пинто өзінің әріптестері секілді 50 фильммен мақтана алмайды. Бірақ оның шағын портфолиосында әлемге танымал «Лашықтан шыққан миллионер», «Маймылдар планетасының көтерілісі», «Өлмейтіндер» және «Маугли» фильмдері бар. Ол ағылшын тілінде еркін сөйлейді.

Кангана Ранаут

Кангана Ранаут — кедей қалашықтан шыққан қыз. Ол 16 жасында Делиді баурап алуға келіп, модель мансабынан бастайды. Бірақ Кангане подиумы жанына жақын болмайды, ол шығармашылық еркіндікті қалайды. Ол актриса болуға бел буады, алайда дикциямен проблемасы болып, ұзаққа дейін режиссерлердің назарын аудара алмай жүреді. Бірақ ол өзінің проблемасынан арылып, жетістіктерге жетеді. Қазір ол Үндістандағы жоғары ақы алатын актрисалардың біріне жатады.

Сонам Капур

Сонамның отбасысында бәрі жұлдыздар. Бүкіл әлем Сонамның тек дарынына емес, сондай-ақ әдемі киінуіне қызығады. Оны АҚШ-та көпшілік жақсы көреді, тіпті, әнші Бейонсе Сонамды өзінің Hymn for the Weekend клипіне түсіруге шақырған.