Нобель-2021: Физика бойынша сыйлықтың лауреаттары белгілі болды

Нобель-2021: Физика бойынша  сыйлықтың лауреаттары белгілі болды

Физика бойынша Нобель сыйлығы АҚШ, Германия және Италиядан келген үш ғалым – Манабе, Клаус Хассельман және Джорджио Парисиге "күрделі физикалық жүйелерді түсінуге инновациялық үлес қосқаны үшін" берілді.

Швеция корольдік академиясының Нобель комитеті АҚШ, Германия және Италия ғалымдарының күрделі жүйелерді, оның ішінде климатты зерттеуге қосқан үлесін атап өтті.

Шукуро Манабе мен Клаус Хассельман Нобель сыйлығының тең жартысын "Жер климатын физикалық модельдеу, өзгермелілікті анықтау және жаһандық жылынуды сенімді болжау үшін" алды.

Джорджио Парисиге сыйлықтың екінші жартысы "физикалық жүйелердің бұзылуы мен ауытқуы арасындағы байланысты анықтағаны үшін" берілді.

Айта кетейік, кеше Стокгольмдегі Нобель комитеті 2021 жылы медицина және физиология саласындағы сыйлық иегерлерінің есімін жариялады.

Юлий мен Патапутян  адам ағзасынан жылу, суық және жанасуды сезгенде биохимиялық реакцияларды тудыратын рецепторлық молекулаларды анықтағаны үшін марапаттады.

Т. Раушанұлы