Әлемнің ең сымбатты жігіті белгілі болды

Starmometer.com сайты "Әлемнің ең сымбатты жігіті 2019" рейтингін жариялады. Дауыс берушілердің басым бөлігі – Америка Құрама штаты, Оңтүстік Корея мен Үндістан азаматтары. Сауалнама нәтижесі бойынша биылғы рейтингте Оңтүстік Кореяның азаматтары көш бастап тұр. Интернет қолданушылары белсенді түрде Ким Тэ Хенге дауыс берген. Екінші орынға Пак Чимин, үшінші орынға Чон Чон Гук іліккен. Үшеуі де әлемдік бойз-бэнд BTS тобының мүшелері. 

Ким Тэ Хен (лақап аты V) финалда 171 266 дауыс жинап, 39 үміткерді артта қалдырған. Бір жыл бұрын топ жарған Чон Чон Гук биыл үшінші орынға жайғасты. 

Сауалнама өткен жылдың 2 қарашасында басталып, биыл 28 қарашада аяқталды. Сайт 100 ең сымбатты жігіттердің рейтингін видео түрінде жариялады.

Ким Тэ Хен жыл басындағы сауалнама бойынша азияның ең келбетті жігіті атанған болатын. Ол – BTS тобының мүшелерінің арасында өзін актер ретінде сынап көрген жалғыз қатысушы. Осы уақытқа дейін "Хваран" атты сериалда атақты актерлер Чой Мин Хо, Пак Со Джун және Пак Хён Шикпен бірге жұмыс істеді. 

Жыл басында V өзін соло-орындаушы ретінде таныта бастады. Ол "Scenery" әнін жарыққа шығарды. Ән 14 күн ішінде 100 миллион рет жүктеліп, жаңа рекорд орнатты. Үш ай бұрын әнші алғаш рет ағылшын тілінде "Winter Bear" әнін шығарды. Оған әншінің өзі бейнбаян түсіріп, желіге жүктеген болатын. Бүгінде көрілім саны 29 миллионнан асады. 

Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда соңғы бес жылдан бері "V" сөзі жиі ізделген. 

ТОП-10
10. Чой Мин Хо (Оңтүстік Корея)
9. Пак Со Джун(Оңтүстік Корея)
8. Чи Чан Ук(Оңтүстік Корея)
7. Альден Ричардс (Филлипиндер)
6. Джан Яман (Түркия)
5. Сяо Чжан (Қытай)
4. Ким Сок Джин(Оңтүстік Корея)
3. Чон Чон Гук (Оңтүстік Корея)
2. Пак Чимин (Оңтүстік Корея)
1. Ким Тэ Хен(Оңтүстік Корея)