Президент алматылықтарды Қала күнімен құттықтады
![Президент алматылықтарды Қала күнімен құттықтады](/userdata/news/news_58710/image_l.jpg)
Фото:
oqsyz.com
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алматылықтарды төл мерекелерімен құттықтады. Мемлекет басшысы құттықтауын Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
"Бүгін Алматы күні. Алматының байырғы тұрғыны ретінде барша алматылықтарды осы тамаша мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Алматы - әлем картасындағы ерекше орны бар қала. Бұл - достықтың, келісім мен татулықтың бесігі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
А. Қажиев