50 000 өнер туындысы желіге жүктелді

50 000 өнер туындысы желіге жүктелді
Фото: www.artic.edu

Чикаго өнер институты өз қорында бар өнер туындыларының онлайн-мұрағатын ашты. 

50 000 құнды туынды өте жоғары сапада интернет желіге жүктеліп, Ван Гог, Пабло Пикассо, Дэвид Хокни, Василий Кандинский, Клод Моне және өзге де шеберлер жақұттарын үйде отырып-ақ тамашалауға мүмкіндік берілді.

Қорда картиналардан бөлек түрлі мүсіндер мен арт-нысандардың фотосуреттері де бар.

Мұның барлығын Чикаго өнер институты сайтынан осы сілтеме арқылы өтіп көре аласыздар. Әр жұмыстың қасында шағын анықтама дерегі жазылған.

А. Оралқызы