Қара тізімге енген фон Триер Канн фестиваліне қайта оралады

Қара тізімге енген фон Триер Канн фестиваліне қайта оралады
Фото: vk.com

Канн кинофестивалінің креативті директоры Тьерри Фремо режиссер Ларс фон Триердің фестивальге қайта оралатынын айтты. Бұл туралы Фремо Europe 1 радиосының франциялық тармағына берген сұхбатынан белгілі болды.

Тьерри Фремо кинофестивальдің президенті Пьер Лескюрдің Ларсты "persona non grata" ("жағымсыз адам") тізімінен алып тастауды қолға алғанын хабарлады. Осыдан 7 жыл бұрын атақты режиссердің Гитлер мен нацистерге қатысты оң көзқарасы салдарынан Канн фестивалінен шеттетілген болатын. Оқиға 2011 жылы "Меланхолия" фильмінің пресс-конференциясында орын алған.

Радиожүргізушісі Триердің "Джек салған үй" картинасы өзгелермен қатар бақ сынайтынын не байқауға мүлдем қатыспайтынын білгісі келген кезде Фремо: "Бәлкім, біз ол туралы бөлек хабарлайтын шығармыз. Алайда, мен осы сөзіммен бұл жаңалықты қазір ғана хабарлап қойғанға ұқсаймын",– деді жымиып. Яғни, картина фестиваль бағдарламасына соңынан енгізілген фильмдер қатарынан табылады. 

"Джек салған үй" фильмі Қасапшы Джек лақап атымен белгілі болған кісі өлтіруші туралы. Сюжет желісі бойынша оқиғаны басты кейіпкердің өзі баяндайды. Түсірілімге Мэтт Диллон, Райли Кио, Ума Турман мен Бруно Ганц қатысқан.

Ларс фон Триер осыған дейін "Түнектегі биші" атты картинасы үшін "Алтын пальма бұтағын" алып үлгерген болатын. 

А. Оралқызы