Алвар Аалто — XX ғасырдың аса беделді архитекторы

Алвар Аалто — XX ғасырдың аса беделді архитекторы
Фото: vk.com

Бүгін, яғни, 3 ақпан  XX ғасырдың аса беделді архитекторы әрі дизайнері Алвар Аалтоның туғанына 120 жыл толып отыр.

Алвар Аалто деген кім?

Алвара Аалтоның ұлылығына ешкім күмән келтірмейді. Архитектурада ол функционалдық модернизмді гуманизммен үйлестіре алды, бұл оның ғимараттарын конструктивизмнің суық рационализмінен әрқашан ерекшелендіріп тұратын. Бұдан бөлек, Аалто жиһаз дизайнымен де айналысты, оны жасаудың тиімді жолдарын ойлап тапты, бұл өз өнімдерінің жаппай өндірісіне жол ашып, оларды қолжетімді еткен болатын.

Хьюго Альвар Хенрик Аальто 1898 жылы Финляндияның оңтүстігінде орналасқан Куортен қаласында туған. 1916 жылы Аальто Хельсинки политехникалық институтына архитектура бойынша (Ле Корбюзье, дәлірек айтқанда, арнаулы архитектуралық білім алған жоқ) оқуға түсті. 1918 жылы Аалто Финляндиядағы Азаматтық соғыс салдарынан оқуын тоқтатып, өзі «ақтар» (Финляндия сенатының буржуазиялық демократиялық күштері) әскеріне кірді. Ал, соғыс аяқталғаннан кейін студенттік өмірге қайта оралды.

Университетті бітіргеннен кейін 1923 жылы өзінің сәулет бюросын ашып, 1927 жылы оны Турку қаласына көшірді. Финляндияда Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін басталған құрылыс үдерісі Батыс Еуропада жастары арасында жаңа идеялардың катализаторы болды. Туркуда, Аальто және басқа да бірнеше жас сәулетшілер қоғамда қалыптасқан жаңа ұғымдарды архитектурада іске асыра бастады.

Өзінің жарты ғасырлық мансабында Аальто шамамен елуге жуық ғимарат дизайнын жасады, ал егер ол жасаған кеңселер ескеретін болсақ - одан да көп. Оның стилі бірқалыпты болмады. 1920 жылдардағы солтүстік неоклассицизмнен кейінгі кезеңнің функционализміне дейін өзгеріп отырды. Бірақ ол әрдайым саяхаттау принципіне адалдығын сақтап қалды, яғни ол өзінің әр жұмысын өнердің абсолютті туындысы ретінде қабылдап, оның сыртқы келбеті мен инженерлік-техникалық ең кішкентай бөлшектеріне дейін ескеріп отырды.

А. Оралқызы