Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 70 жылдығына орай гала-концерт өтеді

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының 70-жылдығына орай консерватория ұжымы мен солистерінің гала-концерті өтеді

Бұл концертке консерваторияның 350 талантты студенттері қатысып, өнерін көрсетеді. Сонымен қатар бұл шараға домбырашылар, скрипкашылар, виоленчельшілер мен аккордеоншылар ансамбльдері қатысады.

Бағдарламада сондай-ақ электронды музыка мен ұлттық аспаптар әуенінің үйлесімі ерекше музыкалық эксперимент ретінде таныстырылады.

Гала-концертте белгілі Швейцарлық скрипкашы Геза Легоцки де өз өнерін көрсетеді. Ол консерваторияның симфониялық, ұлттық оркестрлерімен бірге танымал туындыларды орындайды.

Бұл концерт Республика сарайында 18 қараша күні сағат 19.00-де өтеді. Байланыс телефоны: 272 98 69.

Сурет: pianocompetition.kz