"Астана Опера" балет әртістері жеңімпаз атанды

Красноярскіде 5−9 қазан аралығында «XXI ғасыр балеті» III Халықаралық форумы аясында «Сібір жеңімпазы» атты Халықаралық балет конкурсы өтті. Шараға әртүрлі театрдан келген 50 әртіс, соның ішінде «Астана Опера», Үлкен театр, Станиславский атындағы театр, украиналық, белорусиялық театрлар және басқасының өкілдері қатысты. Елордалық өнер ошағынан үш биші барды, олар: балеттің жетекші солисті Әйгерім Бекетаева, балет әртістері – Бақтияр Адамжан және Еркін Рахметоллаев.

Шығармашылық жұмыстың нәтижесі ретінде Бақтияр Адамжан мен Әйгерім Бекетаеваның екінші, Еркін Рахметоллаевтің үшінші құрметті орындарды иеленіп, конкурстың жеңімпаздары атанғанын атап өтуге болады. Ал бірінші орын Станиславкий ат. театрдың әртісі Дмитрий Соболевскийге бұйырған. Қорытынды гала концертте Әйгерім Бекетаева мен Еркін Рахметоллаевқа Г. Форенің музыкасына жазылған, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ғ. Бөрібаеваның қойылымындағы «Паване» биін тағы бір билеуге өтініш түсті.  

13 елден жиналған қонақтар арасында қазақстандық бишінің шеберлігін атап өткен көптеген балет мектептерінің өкілдері болды. Қазылар алқасы мүшелеріне бәрінен де Р. Вагнердің музыкасына жазылған «Еске алу» биінің идеясы ұнады, онда санаулы минут ішінде бір адамның өмірі көрсетіледі. «Менің ойымша, Еркін биді лайықты деңгейде орындады, уақыттың зымырайтыны жайлы ойды жеткізе алды», - деп толықтырды Тұрсынбек Нұрқалиев. Жүлделі орынмен қатар Еркін Рахметтолаев Италияда өтетін балет әртістерінің конкурсына қатысу сыйлығын, сондай-ақ Будапештте болатын Рудольф Нуриев атындағы конкурсқа қатысуға шақыруды қанжығасына байлады. 

Сурет: astanaopera.kz