Александр Винокуров магистратураға түсті

Александр Винокуров магистратураға түсті

Қазақстандық велоспортшы, Лондондағы Олимпиада ойындарының чемпионы Александр Винокуров Астанадағы Гумилев атындағы Еуразия университетінің дене шынықтыру кафедрасына магистратураға оқуға түсті. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі оқу орнының ректоры Ерлан Сыдықовқа сілтеме жасай отырып хабарлады.

Ректордың айтуынша, бұл спортшының "екінші жеңісі". "Аңызға айналып үлгерген спортшының елдегі ең беделді оқу орындарының біріне түсуі болашақ талапкерлер үшін жақсы үлгі болды. Бұл қадам оқу орнындағы дене шынықтыру кафедрасының дамып, өркендеуіне үлкен түрткі болады. Білім ордасындағы білімді де білгір оқытушылар атақты отандасымыздың тәжірибесімен де танысады", - деді Сыдықов.

Винокуровтың кәсібі осылайша еппен педагогика саласына ауысады. Ректордың айтуынша, бұл еліміздің спортының дамуы үшін өте пайдалы болмақ.

Айта кетелік, бұған дейін Лондонның тағы бір триумфаторы ауыр атлет Илья Ильиннің Қазақ спорт және туризм академиясының докторонтурасына түскендігін айтып өткен болатынбыз.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sportinfo.kz