Қола жүлде Дәулетке бұйырмады

Қазақстандық балуанымыз Дәулет Шабанбай қола жүлдені ресейлік спортшыға беріп қойды.

120 келі салмақта өнер көрсететін балуан жігіт қола жүлде үшін таласта Ресейден келген Билял Маховқа 1:2 есебімен есе жіберді. Белдесуге тоқтала кететін болсақ, бірінші бөлік ресейліктің пайдасына  5:0 есебімен аяқталса, екінші бөлікте отандық спортшымыз кеткен есені қайтара алды - 3:0. Алайда, шешуші екі минуттықта Махов жігерлірек қимылдап, нәтижесінде 3:0 есебімен қола жүлдені қанжығасына байлап кетті. 

Естеріңізге салсақ, Дәулет Шабанбай 1/8 финалда румын балуаны Даниэл Чинтоанды қабылдап, 6:5 есебімен жеңіске жетсе, 1/4 финалда Грузия елінің өкілі Давид Модзманашвилиге 0:5 есебімен жеңіліп қалған болатын. Және қосалқы раундта Мексикадан келген Флорес Руисті жеңген еді (8:0).

Сурет:vesti.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт