Спорттық жүрісте Айман Қожахметова мәреге 42-ші болып келді
![Спорттық жүрісте Айман Қожахметова мәреге 42-ші болып келді](/userdata/news/news_3642/photo.jpg)
20 километр қашықтыққа спорттық жүрісте Олимпида-2012 чемпионы болып ресейлік Елена Лашманова танылды, деп хабарлайды Massaget.kz
Мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен Лашманова қашықтықты 1 сағат 25 минут 2 секундта жүріп өтіп, жаңа әлем рекордын жаңартты. Күміс медалді Лашманованың отандасы Ольга Каниськина (1:25:09) иемденсе, қола жүлде қытайлық Цеян Шэньцзеге бұйырды.
Ал осы спорт түріне қатысқан жерлесіміз Айман Қожахметова 1сағат 35 минут көрсеткішімен 42-орынға қол жеткізсе, тағы бір қазақстандық спортшымыз Шолпан Қожахметова мәре сызығына жетпей-ақ жарыс жолынан шығып қалды.
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: london2012.com
Л. Лига