Қазақстандық спортшы 200 метрге жүгіруде Усэйн Болттан жеңіліп қалды
![Қазақстандық спортшы 200 метрге жүгіруде Усэйн Болттан жеңіліп қалды](/userdata/news/news_3521/photo.jpg)
Қазақстандық жеңіл атлетшіміз Вячеслав Муравьев 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады.
Төрт дүркін Олимпиада чемпионы Усэйн Болт көш бастап келген топта 30 жастағы қарағандылық спортшымыз 7-ші болып келді. Уақыт көрсеткіші - 21,75 секунд. Және ең үздік көрсеткішті ямайкалық желаяқ орнаттты - 20,39 секунд.
Естеріңізге салсақ, 200 метрге жүгіруден әлемдік рекорд Пекин олимпиадасында орнаған болатын. Болттың сондағы көрсеткен көрсеткіші - 19,19 секнуд.
Сурет:tengrinews.kz
Дайындаған: Фараби Бақыт
Л. Лига