Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина жұбы финалға шыға алмады

Қазақстандық синхроншылар Әйгерім Жексембинова мен Анна Кулькина Лондонда өтіп жатқан Олимпиада ойындарында еркін бағдарлама бойынша өнер көрсетуден 15-ші орынға тұрақтап, финалдық кезеңге өте алмады, деп хабарлайды Массагет.кз.

Олар жарыс барысында 84,980 ұпай жинай алған. Жалпы қорыта келгенде жинаған ұпай саны -  169.580. Еркін бағдарлама бойынша көш басында ресейлік Наталья Ищенко мен Светлана Ромашина келе жатыр (98.600 ұпай). Ал екінші орында Қытай қыздары О Ли мен Хучен Хуанг тұрса (96.710), үздік үштікті испандық Андреа Фуентес пен Она Баллестеро Карбонелл қорытындылап тұр (96.590).

Естеріңізге салсақ, техникалық бағдарлама бойынша жарыс барысында 84,600 ұпай жинаған болатын.

Сурет:sport.today.kz

Дайындаған: Фараби Бақыт