Владислав Яковлев қосымша жарыстың финалдық кезеңінде 4-орынға қол жеткізді

Қазақстандық спортшымыз Владислав Яковлев ерлер арасындағы академиялық ескек есуден қосалқы сайыстың финалдық кезеңінде 4-орынға қол жеткізді, деп хабарлайды Массагет.кз.

19 жастағы отандық спортшымыз финал жеңімпазы Конг-Конг өкілі D Сау Ва Соға бар-жоғы бес-ақ секунд ұтылып отыр. Екінші орын тайпейлік спортшы Мин-Хуэй Ванға бұйырса, үшінші орынды перулік Виктор Альяза еншіледі. 

Естеріңізде болса, ескекші жігітіміз ерлер арасындағы академиялық ескек есуден ширек финалға өте алмай, жарыс барысында 7:33.29 көрсеткішке қол жеткізіп, қосалқы сайыстың финалдық кезеңіне жолдама алған болатын.

Сурет:uhouse.ru

Дайындаған: Фараби Бақыт