Данияр Елеусінов алғашқы кездесуінде жеңіске жетті

Еліміздің былғары қолғап шебері, еліміздің намысын қорғайтын тағы бір боксшымыз келесі айналымға өтті. 

21 жасар Астана қаласының спортшы жігіті Данияр Елеусінов 64 келі салмақта 1/8 финалға қадам басты. Олимпиадалық ойындардың алғашқы кезеңінде Данияр америкалық боксшы  Джамела Херрингті 19:9 есебімен айқын жеңіске жетті. 

Енді 1/4 финалға шығу үшін Елеусінов испан боксшысы Джонатан Алонсо мен ирандық Толоутибандпидің жеңімпазымен жұдырық түйістіретін болады.

Сурет: london2012.com

Дайындаған: Фараби Бақыт