Агнешка Радванска Олимпиадамен қош айтысты
![Агнешка Радванска Олимпиадамен қош айтысты](/userdata/news/news_3246/photo.jpg)
Әлемнің бұрнағы күнгі екінші ракеткасы Агнешка Радванска Олимпиада ойындарының алғашқы кездесуінде жеңіліс тапты.
Неміс қызы Юлия Гергеспен өткізген аса тартысты кездесуде поляк қызы 7:5, 6:7, 6:4 есебімен жеңіліп, жарыс жолынан шет қалды.
Енді келесі айналымда Гергес Варвара Лепченко (АҚШ) және Вероника Сепеде-Роиг (Парагвай) кездесуінің жеңімпазымен ракетка түйістіретін болады.
Сурет:tennis.sport-express.ru
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Л. Лига