- Негізгі бет
- Әлемтану
- Қалталы бірақ ақылды...
Қалталы бірақ ақылды емес: ғалымдар табысты ерлердің IQ деңгейі төмен болатынын анықтады
Ғалымдар тобы жоғары табысы бар адамдардың IQ деңгейі күтілгеннен төмен екенін анықтады. Зерттеулер көрсеткендей, мансапта өсу міндетті түрде интеллекттің жоғары болуын білдірмейді.
Бірнеше жыл бойы сарапталған ғылыми зерттеулер көрсеткендей, жақсы ақша табатын адамдар әдетте IQ тесттерінде жоғары ұпай жинайды. Бұл қисынды болып көрінеді: мансап сатысымен көтерілген сайын адам кәсіби және өмірлік тәжірибе жинақтайды, әртүрлі міндеттерге тап болады, барған сайын жауапкершілікті өзіне алады және бизнесті одан әрі дамыту туралы ойлайды, өйткені оның жоғалтатын нәрсесі бар.
Дегенмен, швед, неміс және нидерланд ғалымдарының зерттеуі бұл тезиске күмән келтіреді. Линкопинг, Лейпциг, Утрехт және Амстердам университеттері ғалымдарының European Sociological Review-те жарияланған мақаласында табысы жоғары адамдар біз ойлағандай ақылды емес екені белгілі болды.
Зерттеушілер Швецияның халық регистрлерінен 59 000 ер адамның жалақысын алып, бұл деректерді олардың 18 немесе 19 жасында әскерге шақырылған кездегі танымдық қабілетін тексеру нәтижелерімен салыстырды. Белгілі бір уақыт бойы интеллект жалақыға тікелей пропорционалды түрде өседі, алайда табыс шегі деп аталатын шектен асқанда, танымдық қабілеттер жалақыға әсер етуді тоқтатады.
Осылайша, жылына 60 мың еуродан астам табыс тапқан адамдар IQ тестінің балы жоғары болмаған. Жоғары жалақы алатын жұмысшылардың 1 пайызында табысы қарапайым болған әріптестеріне қарағанда IQ деңгейі біршама төмен болған.
"Бұл өте маңызды, өйткені 1 пайыз жоғары жалақы алатындардың интеллектісі төмен, ал шын мәнінде, оған орташа жалақы алып жүрген интеллектісі жоғары адамдар лайық", - дейді ғалымдар.
Зерттеушілер швед халқының негізгі бөлігі олардың ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес келетін орташа жалақы алатынын қорытындылады. Дегенмен, өте үлкен табыспен мақтана алатындар оны эрудициясы мен интеллектінің арқасында алмайды. Оның үстіне, қызмет түрі маңызды емес - бұл бухгалтерлерге де, дәрігерлерге де, заңгерлерге де немесе ғалымдарға да қатысты.
"Бұл ең жоғарыда тұрғандар сәттілікке немесе артықшылығы бар отбасында дүниеге келгеніне байланысты болуы мүмкін дегенді білдіреді", - деп қорытындылады ғалымдар.
Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар неліктен түсімізде биіктен құлап бара жатып оянып кететінімізді айтқан болатын.
Т. Раушанұлы