Неліктен түсімізде биіктен құлап бара жатып оянып кетеміз? Қытай ғалымдары үш себебін анықтады

Неліктен түсімізде биіктен құлап бара жатып оянып кетеміз? Қытай ғалымдары үш себебін анықтады
Фото: goodfon.ru

Түсімізде таудан, биік ғимараттан құлап бара жатып, оянып кетеміз. Қытайлық мамандар мұның немен байланысты болуы мүмкін екенін түсіндірді. Екі себебі адам денсаулығының сыр бергенін білдіреді.

Sina.com қытайлық басылымының хабарлауынша, аталмыш  симптом қалыпты физиологиялық реакция саналады - бұл бұлшықеттің тартылуы деп аталады. Біз ұйықтап жатқанда, тыныс алу жиілігі айтарлықтай төмендейді, бірақ амплитудасы өзгеріссіз қалады - бәрі қалыпты жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін ми оқыс әркет етеді.  Сол кезде біз түсімізде жоғарыдан құлап кетеміз, мұның салдарынан бұлшықеттер жирылады. Зерттеулерге сәйкес, адамдардың шамамен 70% -ы мұндай күйді түсінде бастан кешірген.

Бұдан бөлек ұйқтап жатқанда бұлшықеттердің жиырылуын түсіндіретін үш себеп бар.

1. Қатты шаршау

Оның себебі күндіз тым шаршағаныңыз болуы мүмкін. Ұзақ уақыт бойы бірдеңеге алаңдасаңыз, жүйкеңіз жұқарса, бұл ұйқының сапасына, соның ішінде бұлшықеттердің жиырылуына әсер етеді. Сондықтан, егер мұндай спазмтар сізді мезгіл-мезгіл мазалайтын болса, дұрыс демалуды үйренуге тырысыңыз, артық жұмыстан аулақ болыңыз.

2. Кальций тапшылығы

Көптеген адам бұл жағдай кальций тапшылығына байланысты болуы мүмкін деп ойлайды. Бұл да шындыққа жанасады. Кальцийдің айтарлықтай жетіспеушілігімен бұлшықеттердің жиырылуынан басқа, бұлшықеттер мен нервтердің қозуына әкеледі. Түнде аяқтың тартылуын және осыған ұқсас проблемаларды болдырмау үшін кальций деңгейін бақылау және жетіспеушілік болған жағдайда уақытында оның орын толтыру маңызды.

3. Бауыр және бүйрек жеткіліксіздігі

Егер ұйықтап жатқанда бұлшықеттердің жиырылуын байқасаңыз, тым көп уайымдамаңыз - бұл шамадан тыс шаршағандықтан болуы мүмкін. Аяқ тартылуы жиі қайталанса, бұл бүйрек проблемалары мен бүйрек жеткіліксіздігінің белгісі болуы мүмкін екенін ескерген жөн. Бұл жағдайда дер кезінде маман дәрігерге хабарласып, ауыр сырқаттану мүмкіндігін болдырмау үшін тексеруден өтуіңіз керек.

Т. Раушанұлы