- Негізгі бет
- Әлемтану
- Ғалымдар тұңғыш әке...
Ғалымдар тұңғыш әке атанғанда ерлер миының бір бөлігі құрғайтынын анықтады
Ғалымдар тұңғыш әке атанғанда ерлер миының бір бөлігі құрғайтынын анықтады. Мұндай дәлелді растау магнитті-резонанс кезінде жазылды. Өлшемдер әйелдің жүктілігіне дейін, жүктілік кезінде және нәресте туғасын жүргізілді.
Мұны Испания мен Америка Құрама Штаттарының ғалымдары томографтың суреттерін талдағаннан кейін анықтады.
Бірлескен зерттеуге екі елдің ерікті топтары қатысты.
«Біздің зерттеуіміздің мақсаты – әке болу ми қыртысының көлемі, қалыңдығы және аймағында анатомиялық өзгерістерге әкелетінін анықтау», - дейді зерттеу авторларының бірі, Грегорио Мараньон (Мадрид) атындағы санитарлық зерттеулер институтының қызметкері Магдалена Мартинес-Гарсия.
Өзгеріс көру жүйесінің көлеміне жауап беретін және әлеуметтік түсінуге қатысатын ми қыртысының көлемінің төмендеуіне қатысты болған.
МРТ сканерлері бірнеше рет алынып ми көлемінің төмендеуі тіркелген. Ер адамды бірінші тексеру әйелдің жүктілігіне дейін, келесісі жүктілік кезінде, соңғысы нәресте туғасын бірнеше айдан кейін өтті. Мидың ер адамды баланы қабылдауға және оған белсенді түрде қарауға дайындағаны осылайша анықталды.
«Алғаш рет әке атанған ерлердің миының құрылымындағы өзгерістер жасына қарамастан пайда болады және сақталады», - дейді Магдалена Мартинес-Гарсия.
Айта кетейік, бұған дейін уролог ерлердің қай жаста әке болуға мүмкіндігі жоғары екенін айтқан болатын.
Т. Раушанұлы