Уролог ерлердің қай жаста әке болуға мүмкіндігі жоғары екенін айтты

Уролог ерлердің қай жаста әке болуға мүмкіндігі жоғары екенін айтты
Фото: rusbatya

Балалы болуды жоспарлау кезінде тек болашақ ана өз денсаулығына қамқорлық жасауы керек деп ойласаңыз, онда қателескенсіз. Ер адам да денсаулығына көп мән беруі керек. Әдетте, әйелдерді «ана болатын жастан өтіп барады» деп айтып жатады. Бұл сөздің ерлерге қатысы бар ма? Уролог-андролог Андрей Дмитриев мұның қатыса бар екенін айтады.

Дәрігердің айтуынша, ерлерде ұрпақ қалдыру үшін өте бір қатаң мерзім жоқ. Дегенмен, өмірге сау ұрпақ әкелудің оңтайлы жасы шамамен 25 жасты құрайды. Өйткені, дәл осы уақытқа дейін гормоналды фон толығымен жетіліп, ер қуаты шыңына шығады. Бұл кезең шамамен 40 жылға дейін созылады.

Адам жасы балалы болуға әсер ететін жалғыз фактор емес екенін түсіну керек. Сонымен, жаман әдеттерге байланысты сперматозоидтардың қозғалғыштығы төмендеуі мүмкін. Сондықтан темекі мен алкоголь сізді әкеліктен айыруы мүмкін жаман әдеттер тізіміне жатады.

Сонымен қатар, ер адамның сәби сүйе алмауына келесі факторлар әсер етеді:

• қабыну аурулары;

• ваннадан, саунадан немесе көліктегі орындықтағы жылу;

• шамадан тыс спорт немесе тым көп физикалық белсенділік.

Дәрігердің айтуынша, болашақ әке атанғысы келетенідер жұбайымен 3 ай бұрын дайындалуы керек екен. Осы кезеңде сперматозоидтардың сапасына зиян келтіретін барлық нәрселерден бас тарту өте маңызды.

Айта кетейік, бұған дейін уролог дені сау ер адамның жыныстық қатынасы қанша уақытқа созылуы керек екенін айтқан болатын.

Т. Раушанұлы