Тынық мұхиты жойылады: Ғалымдар Жерде жаңа құрлық пайда болатынын айтты

Тынық мұхиты жойылады: Ғалымдар Жерде жаңа құрлық пайда болатынын айтты
Фото: Tech Explorist

Аустралия мен Қытай геологтары Жердегі келесі суперконтинент 200-300 миллион жылдан кейін пайда болады деп болжады. Ол "Амазия" деп аталады. Зерттеу нәтижелері National Science Review журналында жарияланды.

Мақаланың авторлары материктердің қосылуы екі жолмен болуы мүмкін деген қорытындыға келді: алдыңғы суперконтиненттің бөлінуі кезінде пайда болған мұхит арқылы (интроверсия) немесе оны қоршап тұрған супермұхит қалдықтары арқылы (экстраверсия). Бұл процестің қалай жүретіні мұхиттағы плиталардың қалыңдығына байланысты.

Кейінгі екі миллиард жыл ішінде Жер континенттері бір-бірімен соқтығысып, әрбір 300-500 миллион жыл сайын суперконтиненттер түзетіні белгілі. Кейінгі суперконтинент – "Пангея" 335-175 миллион жыл бұрын пайда болған.

Ғалымдар тектоникалық плиталардың ұзақ мерзімді қозғалысын модельдеп, келесі суперконтинент Американы, Еуразияны және Аустралияны біріктіретін, сөйтіп Тынық мұхиты жойылатын кезде пайда болады деген қорытындыға келді.

Шамамен 280 миллиондан кейін болашақ Амазияның құрлығы осындай болуы мүмкін. © Curtin University

Бүгінгі таңда Тынық мұхиты Жер бетіндегі ең үлкені мұхит, бірақ ол жылына бірнеше сантиметрге қысқарып келеді. Шамамен 300 миллион жылдан кейін Еуразия, Аустралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка осы мұхит орнында бірігеді.

"Жер мүлдем басқаша болады. Теңіз деңгейі төмендейді, ал суперконтиненттің ішіндегі үлкен аумақтар өте құрғақ, тәуліктік температура айырмашылығы өте жоғары болады", - деді зерттеу жетекшісі Чжэнсян Ли.

Т. Раушанұлы