Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Жаднама / Бала ақылы

Бала ақылы

Бала ақылы

Әкесі жұмыстан келіп, құжаттар қарап, қалың қағаздың ортасында есі шығып отыр. Төрт жасар ұлы мені көтермедің, маған ат болмадың деп қыңқылдай берді. Мазасы кеткен әкесі дүние картасы түсірілген журналдың мұқабасын пара-пара қылып жыртып, ұлының қолына ұстатты. «Сен әуелі осыны құрастырып әкел, сосын мен саған серік болып ойнаймын» деді де, қайтадан жұмысына кірісе берді. Сүт пісірім уақытқа жетпей бала қайта келді. Әкесі бұлай болады деп мүлде ойламаған еді.

- Папа, бүлінген картаны құрастырып болдым. Енді менімен бірге ойнайсың!

Әкесі ашуға мінді. Баланың ойынқұмарлығын, тынышсыздығын кешіруге болар. Бірақ, өтірік айтуын қалай кешіре алсын. 4 жасар баланың осынша тез қиюластыра қоюы екіталай ғой. Шешесі көмектесті ме екен?!

- Міне көріңіз,- деді ұлы.

Өз көзіне өзі сенбей қалды. «Апырай, бұл мүмкін бе, шешесі де ас әсірлеуден қолы босамай жүр...»

- Қалай құрастырдың?

- Картаның теріс бетінде бір адамның суреті бар екен, сол бойынша құрастырдым, сол адам аман болса, дүние де бүтін болады, әке!

Әкесі баласының бетіне қараған күйі отырып қалды.

 

Дайындаған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: sc.com

2443 7
Рейтинг: +6

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 01 наурыз 2013, 14:25
Пікірлер
+0
01 наурыз 2013, 16:24

Әке ақылы, ана ақылы, бала ақылы болды. Енді ата ақылы, әже ақылы, арғы ата ақылы күтіп тұр :D

+0
01 наурыз 2013, 23:02

Акылды бала)

+0
02 наурыз 2013, 02:07

ммм қызық))

+0
02 наурыз 2013, 09:02

ха балаға аздап болса да көңіл бөлу кеерк

+0
02 наурыз 2013, 14:07

ақылды бала. әкесіне сауап бопты ))))

+0
02 наурыз 2013, 14:45

соны айтам

+0
02 наурыз 2013, 21:56

есте журетн нарсе) суреттн жан жагна карау керек екен гой)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...